Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»


Микроорганизмдер клеткасының құрылысы



бет3/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Микроорганизмдер клеткасының құрылысы.
Бактерия клеткасы 3 қабатты қабықшадан, әр түрлі қүрылымдары бар цитоплазмадан, ядролық зат- нуклеоидтан тұрады. Сонымен қатар қосымша бөліктері: капсула, спора, талшықтар, жіпшелерден тұрады.
Клетка қабықшасы: сыртқы кілегей қабаттан, клетка қабырғасынан және цитоплазмалық мембранадан тұрады. Сыртқы кілегейлі қабат қорғаныш қызметін атқарады.
Клетка қабырғасы: клетка формасын сақтайды және қажетті қоректік заттарды (аминқышқылдары, көмірсулар, т.б.) өткізіп, зат алмасу қалдықтарын шығарып тұрады, сонымен қатар осмостық қысымның реттелуін бақылайды, клетканың қоректенуін, тыныс алуын қамтамасыз етеді. Клетка қабырғасы жоқ бактериялар протопластар деп аталады жартылай қабырғасы жоқ бактериялар сферопластар деп аталады.
Цитоплазмалық мембрана клетка қабырғасымен тығыз байланысты цитоплазманың сыртқы қабаты. Ол өте жұқа қабат, белоктардан түрады. Цитоплазмалық мембрана клетка бөлінуін қамтамасыз ететін мезосома құрайды.
Цитоплазма - клетка ішін толтырып тұратын қоймалжың зат, ол судан, белоктан, майдан, көмірсулардан және минералды заттардан іүрады. Цитоплазмада ядро, рибосомалар, волютин, гликоген, түрлі пигменттер де болады. Ядро 2 жіпшелі дезоксирибонуклеин қышқылынан түрады, ол геном деп аталады. Цитоплазмада рибосомалар белоктарды жинақтау қасиетін атқарады. Рибосома 60% РНК дан және 40% белоктан түрады.
Бактерия клеткалары тіршілік барысында қорғаныс бөліктерін құрайды - капсула және спора.
Капсула - сыртқы тығыз кілегейлі қабат, ол қорғаныс қызметін атқарады - қолайсыз жағдайлардан, яғни құрғап қалмаудан, фаголизистен, әртүрлі химиялық заттардың зиянды әсерінен сақтап түрады.
Спора - дөңгелек клетка ішінде орналасқан жарқырауық денелер. Олар таяқша тәрізді бактерияларға тән. Бактериялар қолайсыз жағдайға тап болғанда спора түзеді. Споралар қолайсыз ортаға тым төзімді, оларды ұзақ қайнатса да тіршілігін жоймайды, сыртқы ортада тгіршілігін жоймай, ондаған жылдар сақталуы мүмкін. Қолайлы жағдай туғанда олар қайтадан өсіп шыға алады. Спора түзетін аэробты бактериялар бациллалар деп, ал анаэробты бактериялар - клостридиялар деп аталады. Клостридиялардың спорасы ең шетінде прпаласса - терминальды спора (сіреспе таяқшасы), бір шетіне жақындау орналасса - субтерминальді спора (ботулизм таяқшасы), ортасында болса - орталық спора (перфрингерс клостридиясы) деп атайды. Талшықтар - таяқша тэрізді бактерияларда кездеседі, қозғалыс қызметін атқарады, олар жіңішке жіпше тәрізді белок - флагелинні түрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет