Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет6/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Бактериялар морфологиясы

Микроорганизмдер Берги классификациясы бойынша прокариоттарға және эукариоттарға бөлінеді. Прокариоттардан ең жақсы зерттелген бактериялар 19 топқа бөлінеді. Эукариоттарға су өсімдіктері, саңырауқұлақтар және қарапайымдылар жатады. Бактериялар негізінде бір клеткалық хлорофилі жоқ организмдер болады. Олардың мөлшері микрометрмен өлшенеді және бактериялардың орташа мөлшері 0,1 - 28мкм арасында болады.





Пішініне қарай бактериялар негізгі 3 топқа бөлінеді:


1. шар тәрізді (коккалар)
2. таяқша тәрізді (бактериялар, бациллалар және клостридиялар)
3. ирекше тәрізді (вибриондар, спириллалар, спирохеталар)




КОККАЛАР
Монококкалар


Диплококкалар
Стрептококкалар
Тетракоккалар
Стафилококкалар
Сарциналар


ТАЯҚША ТӘРІЗДІ


Бактерилар
Бациллалар
Клостридиялар




ИРЕКШЕ
Вибриондар


Спириллалар
Спирохетталар



Шар тәрізді бактериялардың пішіні дөңгелек, элипс, ланцет және бұршақ тәрізді болуы мүмкін. Шар тәрізділер (коккалар) орналасуына байланысты мынадай топтарға бөлінеді:


А. Микрококкалар - пішіні дұрыс дөңгелек тәрізді, бір - бірінен ретсіз орналасады.
Б. Диплококкалар - екі-екіден, қосақталып орналасады және пішіні бұршақ тәрізді болуы мүмкін. Диплококкалардың патогенді өкілдері: пневмококк (пішіні ланцет тәрізді), менингококк және гонококк (пішіні бұршақ тәрізді).
В. Стрептококкалар - өзаратіркескен, тізбектәрізді.
С. Стафилококкалар - жүзім тәрізді топтасып орналасады.
Д. Тетракоккалар- төрт- төрттен орналасады.
Е. Сарциналар - сегіз - сегізден орналасады.
Коккалар спора, капсула түзбейді (пневмококкадан басқалары). Грамм бойынша боялады, тек менингококк және гонококк боялмайды. Коккалардың адамда ауру қоздыратын өкілдері стафилококкалар, стрептококкалар, менингококкалар, гонококкалар және басқалары сиректеу



1. Монококкалар



2.Диплококкалар



3.Стрептококкалар



4. Тетракоккалар



5.Стафилококкалар



6. Сарциналар



Таяқша тәрізді бактериялар (бациллалар, клостридиялар) пішіні таяқша тәрізді, олардың мөлшері (ұзындығы, қалындығы) және шеттерінің пішіні әр түрлі болады. Көлеміне қарай олар келесі топтарға бөлінеді: ұсақ - бруцеллалар, туляремия таяқшасы; орташа -ішек тобының бактериялары; ірі - түйнеме таяқшасы, сіреспе таяқшасы. Шеттерінің конфигурациясына (пішіні) қарай келесі топтарға бөлінеді: Дөңгелектенген - ішек таяқшасы. Шауып тастағандай - түйнеме таяқшасы. Ұшталған - (сүйір) оба қоздырғышы, қалындау - күл қоздырғышы. Орналасуына қарай: A. Диплобактериялар және диплобациллалар - қосақталып орналасқан (пневмония бактериялары). Б. Стрептобактериялар - тізбектеліп орналасқан (жұмсақ шанкр қоздырушысы). B. Стрептобациллалар - тізбектеліп орналасқан (түйнеме қоздырушысы). С. Ретсіз орналасқан - ішек таяқшасы, дизентерия таяқшасы. Таяқша тәрізді микробтардың арасында Грам - оң (күл, туберкулез таяқшалары) және Грам - теріс (ішек тобының бактериялары) түрлері кездеседі. Таяқша тәрізді бактериялардың көпшілігі спора түзбейді (ішек, дизентерия, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары). Спора түзетін таяқшалар Грам әдісімен оң боялады.





1. Бактериялар



2. Бациллалар



3.Клостридиялар



Ирекше тәрізділерге - вибриондар, спириллалар, спирохеталар кіреді. Вибриондар үтір тәрізді болады. Олардың басты өкілі -тырысқақ вибрионы. Спириллаларда бір немесе бірнеше ирек болады. Спирохеталардың пішіні штопор тәрізді, иректерінің саны әртүрлі болады. Ирекше тәрізділер Грам әдісімен теріс боялады. Олардың тинкторияльдық қасиетін анықтау үшін Романовский - Гимза бояу әдісін қолданады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет