Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет40/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

ПАТОГЕНДІ КОРИНЕБАКТЕРИЯЛАР


Күл қоздырғыштары

Күл (дифтерия) қоздырғыштары Corynebacterium туыстығына жатады. Бұл туысқа адамдарға патогенді дифтерия таяқшалары, патогенді емес жалғандифтерия таяқшалары және дифтероидтар жатады.


Күл қоздырғыштарын 1883 жылы Т.Клебс анықтаған, ал таза түрде бөліп алған: 1884 жылы Ф.Леффлер.
Морфология. Күл таяқшалары жіңішке, қисық таяқшалар, көлемі 3 - 6*0,3 - 0,5 мкм. Шеттері қалындау, оның ішінде волютин түйіршіктері болады (Бабеш - Эрнст түйіршіктері). Күл бактериялары қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам оң. Анилин бояуларымен жақсы боялады. Бояуға сілтілі метилен көгі мен күлгін кристалл қолданылады. Күл таяқшаларының айырмашылығы – олар полиморфты: яғни әртүрлі ұзын, қысқа. Түзу, жуан т.б. Жағындыда қосақталып орналасады. Микроскопиялық зерттеуде жағындыдағы орналасуы мен валютин түйіршіктері лифференциалды – диагностикалық белгісі болып саналады.
Культивирлеу. Күл коринебактериялары факультативті анаэробтар. 35-37 градус температурада рН 7,4-7,8 өседі. Жәй қоректік орталарда көбееді. Қан және сарысу орталарында культиверлейді. Негізгі өсіретін орталар – Клауберг, Бучин, Тиндель орталары. Күл коринбактериясы 3 биоварға бөлінеді:

  1. Гравис

  2. Митис

  3. Интермедиус

Биовар гравис - R- формалы, Клауберг ортасында шеттері қиылған, сұрғылт – қара түсті, ірі колониялар 2-3 мм түрінде өседі. Сорпада үгінді қабыршақ және түйіршік тұнба түзеді.
Биовар митис Клауберг ортасында – S- формалы тегіс, қара түсті колония түрінде өседі. Сорпада біртегіс лайланады.
Биовар интермедиус аралық – Клауберг ортасында жалтыр, ұсақ, қара түсті колония түрінде өседі.
Ферсентативті қасиеті. Күл бактериясының 3 биоварының ферменті цистиназа цистинді
Негізгі зерттеу әдістері.
Қоректік орталар.
1. микробиологиялық
2. бактериоскопиялық
3. биологиялық
1. Клауберг ортасы
2. Пиза ортасы
3. Бунин ортасы
4. Тинсдаль ортасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет