Лекция жинағы Пән: «Микробиология және вирусология» Мамандығы: 09120100-«Емдеу ісі»



бет38/56
Дата27.10.2023
өлшемі1,69 Mb.
#188902
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
лекция микроб

Эндемиялық қайталама сүзегі

Морфология. Кене қайталама сүзегінің боррелиялар эпидемиялық қайталама сүзегінің қоздырғыштарына ұқсас.


Культивирлеу. 30 - 35 градус температурада рН 7,2 - 7,4 анаэробты жағдайда, арнайы қоректік ортада өсіреді.
Ферментативтік қасиеті - анықталмаған.
Аитигендік құрылымы - ажыратылмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі - эпидемиялық қайталама сүзегіндей.
Жануарлар қабылдаушылығы. Кеміргіштер ауырады: тышқандар, атжалмандар, т.б. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқалары, егеуқүйрық, ақ тышқаңцар.
Инфекция көзі. Кемірушілер: тышқандар, атжалмандар, кенелер.
Таралу жолдары. Трансмиссиялық - адамды кене шаққанда сілекейіндегі боррелиялар жұғады. Шаққан жерде папула пайда болады.
Патогенез. Эпидемиялық қайталама сүзектей, бірақ ұстамасы көбірек. Клиникалық ауру жеңіл түрде болады.
Иммунитет. Тұрақсыз, көбінесе басқа жақтан келген адамдар ауырады.
Алдын – алу шаралары. Кемірушілерді, құрт – құмырсқаларды жою.
Арнайы алдын - алу шаралары. Жоқ.
Емі. Антибиотиктер: тетрациклин, пенициллин, левомицитин,т.б.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Қоздырғышты анықтау, эпидемиялық қайталама сүзекті эндемиялықтан ажырату.
Зерттеу материалы.
1. аурудың қаны
Негізгі зерттеу әдісі.
1. микроскопиялық
2. люменисценттік микроскопия


Лептоспироз қоздырғыштары

Патогенді лептоспиралар Spirochaetaceae туыстығына, Leptospira тұқымына жатады. Оны ашқан 1915 жылы Япония зерттеушілері Инадо мен Идо.


Морфология. Лептоспиралар - спираль тәрізді жіпшелер, ұзындығы 6 - 20*0,1 - 0,25 мкм. Көптеген ұсақ, бір - біріне тығыз орналасқан иректерден тұрады, өте қозғалмалы, қозғалыстың барлық түрімен. Анилин бояуларымен нашар боялады, сондықтан оларды анықтау үшін қара аймақта тірі лептоспираларды микроскопиялық әдіспен немесе күмістеу әдісімен қолданылады, олар сүр түске боялады.
Культинирлсу. Лептоспиралар - аэробтар. Сұйық және жартылай сұйық кролнктің сарысуы қосылған қоректік ортада 28-30 градус температурада рН 7,2 - 7,4 көбееді. Жәй өседі (7 - 10 күн). Лептоспиралар көбейгенде орта мөлдір болып қалады. Сонымен қатар кролик сарысуы қосылған тығыз өоректік ортада да өсіреді, өсім 5-7 күннен кейін пайда болады. Жасанды өоректік ортаада өзінің вируленттілігін жояды.
Ферментативті қасиеті. Каталаза, оксидаза, липаза ферменттері анықтаған.
Токсинтүзуі. Эндотоксині жоқ.
Антигендік құрылымы. 19 серотобы, 169 сероварлары бар.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Лептоспиралар жоғары температураға сезімтал: 56 градус температура оларды 30 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температурада (70-80) көпке дейін сақталады. Кептіруге өте сезімтал, қышқылдардың, өттің әсеріне де сезімтал. Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді. Суда 2 айға дейін, сүт тағамдарында, нанда бірнеше сағатқа дейін сақталады.
Жануарлар қабылдауышылығы. Кемірушілер сезімтал, сонымен қатар ірі және ұсақ малдар, шошқалар, иттер ауырады. Тәжірибелік жануарлардан теңіз шошқалары, алтын түсті атжалмандар сезімтал.
Инфекция көзі. Ауылшаруашылық малдары, кемірушілер (егеуқұйрықтар). Олар нәжістерімен топырақты, ашық суларды тағамдарды ластайды.
Таралу жолдары. Тұрмыстық жанасу (суға түскенде, ауру малдардан) тамақ арқылы.
Патогенез. Зақымданған тері, зақымданбаған ауыз қуысыны көздің, ішек - қарын жолының кілегей қабаты арқылы жұғады. Организмге түсіп, лептоспиралар лимфа арқылы қанға түседі. Қанмен паренхиматозды мүшелерді зақымдайды: бауыр, бүйрек, қарсыденелер пайда болып, лептоспираларды бұзады.Олардан улы зат бөлініп интоксикация туғызады, сарғаю пайда болады, жедел бүйректі жетіспеушілігі болады.
Иммунитет - көпке дейін тұрақты.
Алдын — алу шаралары. Ауылшаруашылық малдарына вакцина жасау, кемірушілермен күрес, тағамдарды тышқандардан сақтау.
Арнайы алдын - алу шаралары. Ошақта болған адамдарға вакцина жасау.
Емі. Пенициллин, тетрациклин, лептоспирозаға қарсы иммуноглобулин.
Микробиологиялық зерттеу. Зерттеу мақсаты. Лептоспираларды ортадан анықтау. Сероварын анықтау.
Зерттеу материалы.
1. Қан
2. Зәр
3. жұлын суйықтығы
4. тағамдар, ашық сулар
5. секция материалы
Негізгі зерттеу әдісі.
1. микроскопиялық
2. бактериологиялық
3. серологиялық
4. биологиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет