Бұл кезеңдегі жасалатын іс-әрекеттер:
заттық үстелдегі преператтық қыранан және кішкене объектив ұшына бүйірінен қарап отырып (мұндай сақтық объективті төмен төмен түсіргенде преператты сындырып алмау үшін қажет), макрометр бұрандасын өзіңізден қарсы қарай бұрап, кішкене объективті үстел бетінен 0,5 см аралыққа дейін түсіріңіз (преператты және объективтің линзасын сындырып алмау үшін). Сонымен , көз бақылаумен объективті әдейі фокустан төмен өткіздік.
микроскоп окуляры арқылы қарап отырып, макрометір бұрандасын өзіңізге қарай бұрап, көру жазығында объектің анық бейнесі көрінгенше, яғни объектив фокусқа дәл туырланғанша, оны баяу көтеріңіз. Кішкене объективпен зерттегенде, преператты бүтіндей шолып қараңыз, оның қай тінге, мүшеге жататынын анықтайтын белгігерін қадағалап қарауға тырысыңыз. Бұл жерде ескерілетін жағдай: объектпен салыстырғанда, окуляр арқылы көрінетін бейне кері, төңкерілген түрде қалыптасады. Сондықтан, бейнені сол жаққа қарай жылжыту үшін, екі қолмен енмесе заттық үстелден екі бүйіріндегі арнайы бұрандалармен препаратты ақырын оңға жылжытамыз. Егерде бейнені көру жазығынан жоғарғы бөлігіне көтергіңіз келсе, онда препаратты керісінше - өзіңізге қарай (төмен) жылжыту қажет.
Келесі кезеңді үлкен объективпен егжей-тегжейлі зерттеу үшін, препараттың керекті бөлігін таңдап алып, көру жазығының ортасына жылжытыңыз. Окуляр арқылы қарап отырып, препаратты осы күйде заттық үстел бетіне қыстырғыштармен мықтап бекітіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |