Жасушалардың бөліну кезіндегі ядролық қабықша
Жасушалардың көпшілігінде ядролық қабықша митоз кезінде жойылып кетеді де, жасушалар бөлінгеннен кейін жаңадан пайда болады.
Ядролық қабықшаның құрамында ДНК (0-8%) мен РНК-ның (3-9%) аздаған саны болады, негізгі химиялық компоненттері липидтер (13-35%) мен белоктар (50-75%). Ядролық қабықшада холестерин аз болады да, фосфолипидтер көп болады. Мембраналық фракциялардың белоктық құрамы өте күрделі. Белоктардың ішінде эндоплазмалық тор екеуіне ортақ бірнеше ферменттер болады. Ядролық қабықшаның фракциясының құрамында РНК-полимераза байқалмайды. Көптеген тотықтырғыш ферменттердің (цитохром-оксидаза, НАДН-цитохром-с-редуктаза) түрлі цитохромдар болатыны байқалған. Ядролық мембраналардың фракцияларында тотықтырып фосфор-лаудың компоненттерінің кездесетіні анықталған. Ядролық мембраналары-ның белоктік фракцияларының ішінде гистондар типті негізгі белоктар кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |