Лекция жинағы Шымкент 2019


Ядро қабықшасының өткізгіштігі



бет62/85
Дата13.05.2020
өлшемі0,72 Mb.
#67580
түріЛекция
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85
Байланысты:
лекция жасуша 19

Ядро қабықшасының өткізгіштігі

Ядро қабықшасының атқаратын қызметінің маңыздылығын бағалау үшін ядро мен цитоплазманың арасындағы алмасу процестерінің жүруін анықтайтын оның өткізгіштігі жөніңдегі мәселенің маңызы зор. Су, калийдің, натрийдің, цезийдің, рубидийдің, литийдің, кальцийдің, магнийдің, строн-цийдің катиондары мен аниондары (хлоридтердің, иодидтердің, сульфаттар-дың, фосфаттардың, цитраттардың, ацетаттардың) ядроға тез өтіп және онан шығатыны анықталган. Құрбақаның ооциттерінің ядросына ксилоза, глюко-за, сахароза сияқты қанттар жеңіл өтеді. Көптеген белоктарда ядроға жеңіл өтеді. Гистондар және гистон емес белоктар цитоплазмада синтезделгеннен кейін ядроға өтеді. Тірі жасушада плазманың альбуминдері мен гастондар сияқты инъекцияланған белоктар цитоплазмадан ядроға қиындықсыз өтеді. Көптеген заттар ядролық қабықша арқылы өте алмайды. Кей жағдайда ядроға ірі-молекулалы заттар өтуі мүмкін (мысалы РНК), ал ұсақ молекула-лар (мысалы Кребс циклының субстраттары) өтпейді. Кейбір экзогендік заттардың молекулаларының (аденин-нуклеотидтер) диаметрі ядролық қабықшаның пораларынан кіші бола тұрса да жасушалардың ядроларына өтпейді.

Кейбір авторлар бойынша амин қышқылдары, пуриндік және пирими-диндік негіздері, АТФ, сол сияқты кейбір қышқылдар (янтар, лимон қышқыл-дары) ядроға оның қабықшасы арқылы белсенді тасымалдану тәсілімен өтеді. Бұл заттардың өтуіне натрий иондарының белгілі саны қажет, ал натрий ионын басқа металдармен алмастырған жағдайда заттардың ядроға өтуі бұзылады. Заттардың ядродан цитоплазмаға кері өтуде белгілі. Мысалы, ядрода синтезделетін РНК мен РНП бөлшектері тасымалданады. Заттардың ядродан цитоплазмаға тасымалдануының тағы бір жолы ядролық қабықшада өсінділердің түзілуімен байланысты. Олар ядродан вакуольдер күйінде бөлініп, оның ішіндегі құрамы цитоплазмаға шығарылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет