Жасушаның тіршілігіндегі ядроның ролі
Жасушаның тіршілігі үшін ядроның маңызы жөніндегі түсінік өткен ғасырдың 70-80 жылдарында кейбір қарапайымдарға жасалған тәжірибенің негізінде қалыптасқан болатын. Амебадан немесе инфузориядан бөліп алын-ған ядросыз бөліктер көп ұзамай өлетіні, ядролы бөлігі регенерацияланып бастапқы пішінін толықтай қалпына келтіретіні байқалған. Кейбір қарапайымдардың ядросыз бөлігі көп уақыт тіршілігін сақгайды, қоректене алады, қозғалу қабілетін сақтайды, тітіркендіргішке жауап береді. Бірақ та ол тамақты қорыта алмайды, жаңа раковинаны құрауға қажетті заттарды секрециялау қабілетінен айырылады. Егер де ядросынан айырылған жасушаға ядро енгізсе, онда тіршілік әрекеттері қалпына келеді және біраз уақыттан кейін бөліне бастайды.
Сонымен бірге ядроны бөліп алу цитоплазмада болатын түрлі ферменттерге әсер ететіндігі білінді.
Ядросыз бөлігінде ядролы бөлікке қарағанда қышқыл фосфатазаның, экстеразаның мөлшері тез азаяды. Басқа ферменттердің (протеаза, АТФ-аза, тыныс ферменттері) мөлшері энуклеациядан кейін аз өзгереді. Ядросыз бөлікте гликолиз де баяулайды. Цитоплазмалық белоктардың негізгі бөлігінің биосинтезін ядро бақылайды. Цитоплазмалық синтез процесін толық қамтамасыз ету үшін зақымдалмаған жасушалық ядро керек. Оның қатысында ғана цитоплазмада белоктік синтез толық көлемінде жүреді. Ядрода синтезделетін РНК-ның көмегімен қажет информация ДНК-дан цитоплазмалық синтездің негізгі орны рибосомаларға беріледі.
Интерфазалық ядро белок синтезінің жеделділігінде реттейді. Интер-фазалық ядрода белокпен бірге РНК-ның барлық үш типтері синтезделеді. Ядро цитоплазмада жүретін белок синтезін бағдарлайды. Сонымен бірге ядроның өзіде цитоплазманың әсерінде болады. Себебі цитоплазмада синтезделетін оның қызметтеріне қажет ферменттер ядроға барады. Мысалы, цитоплазмада ДНК-полимераза синтезделеді, онсыз ДНК молекулаларының авторепродукциясы жүрмейді.
Ядро мен цитоплазма өзара байланысты: бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Бірақ та ядроның рөлі басым.
№15 Лекция
Достарыңызбен бөлісу: |