Ұсынылған әдебиеттер: 1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
7. Лекция Соққыны тоқтату тәсілі
Алақанды немесе иықты тосып соққыны тоқтату қарсыластың соққысы басталар сәтте, немесе соққы нысанаға жақындаған кезде жасалады. Қарсыластың жұдырығы нысанаға жақындаған сәтте оның соққысына алақан немесе иық қойылады. Қайсысын қою бәсекелестің соққьіның қай түрін қалағанына байланысты. Боксшы соққының астына қойылған қолымен дененің осал жерлерін қорғайды. Мұндай қорғаныс орта және жақын арақашықтықтарда қарсыластың кез келген соққысынан қорғана білуге өте тиімді. Қарсыластын орта арақашықтықтан басқа бағыттағы төте соққысына үнемі оң қолды қарсы қойып қорғану керек. Соққы қай қолмен берілсе де, қорғанысты жақсы ұйымдастыруға болады. Қарсыластың төте соққысын иектің астында оң қолдың алақаны тоқтатады. Мұндай қорғаныс боксшының бос тұрған сол қолымен шабуылдаушының басына соққы беруге жағдай туғызады. Қарсы соққыны өте тез жасау керек. Себебі бұл соққы қарсыластың келесі соққысынан бұрын көздеген нысанаға тиюі керек. Егер қарсылас оң қолмен басқа төте соққы жасаса, онда соққының астына алақанды тосумен қарсы соққыны тиімді пайдаланған жөн.
Соққыны қайыру Қорғаныстың бұл түрі негізінен төте соққыларға қарсы қолданылады. Қарсыластың соққы берген қолы нысанаға жетпей. негізп бағытынан басқа жаққа қарай бұрылып жіберіледі.Мұндай қорғаныстың ең басты түрі бар. Қарсыластың соққы берген қолын ішке немесе сыртқа қарай қағуға болады. Ішке қарай қаққанда қорғаныстағы оң қол — оңнан солға қарай, немесе сол қол — солдан оңға қарай қозғалады. Ал сыртқа қарай қаққанда қорғаныстағы қолдың қозғалысы керісінше болады. Кейде осы екі әдісте де қарсыластың соққы берген қолы ішке де, сыртқа да емес, жоғары қарай қағылуы мүмкін. Көп жағдайда қарсыластың соққы берген оң қолын сол қолмен қағады. Кей кездерде ғана оң қолды — оң қолмен, сол қолды — сол қолмен қағатын жекелеген сәттер де болады. Міне, дәл сол кезде қорғаныстағы боксшының бос қолымен қарсыластың басын нысанаға алуына мүмкіндік туады. Екі боксшының бетпе-бет келгендегі қарсы қолдары үнемі біріне-бірі қарсы қимыл жасауы керек Бұл қорғаныстың жақсы болуына мүмкіндік береді. Бокс қол қарсы соққыға дайын жүреді. Соққы берген қолды бір жағына қағып үлгеру қарсыластың іле-шала екінші соққы беру мүмкіндігінен айырады. Соққы берген қолды ішке қарай қаққанда дененің салмағын сол аяққа салуға да, немесе оң аяққа ауыстыруға да болады. Бүл екі боксшының арақашықтығына байламысты. Арақашықтық қарсы соққылар беруге жарайтын болуы тиіс. Соққы берген қолды ішке қарай қаққан кездегі дененің бұрылысы қарсыласты екінші соққы беру мүмкіндігінен біржола айырады. Оның есесіне бүл қорғаныстағы боксшыға жауап соққылар жасау үшін ыңғайлы. Сыртқа қарай қаққанда оң қолдың білегімен қарсыластың соққы берген қолын оңға қарай қағады. Дәл осы кезде артта тұрған оң аяқ серпіліп, дененің салмағын алдыңғы сол аяққа ауыстырады. Қорғаныстағы қолдың қозғалысына дененің қарсыласқа қарай жылжуы қосылады. Сөйтіп бүл екі қозғалыс бірігіп, қорғанысты нығайтады. Сонымен қоса кеудеде қарсыластың қағылған қолын дарытпау үшін сол қағылған қолға қарай бұрылады. Дәл осы кезде боксшының бос қолымен қарсыласына соққы беруге толық мүмкіндігі болады. Қарсыластың соққы берген қолын ішке қағудан, сыртқа қарай қақпайлау қиын. Бұл асқан ептілікті, дәлдікті керек етеді Боксшы өзінің әр қимылын есептеуі керек. Мұндай соққыдан кейін іле-шала қарсы соққы жасау қажет. Жаттықтырушы боксшыға дәл осы жағдайда қарсы соққы жасауға міндетті екенін үйреткені абзал. Соққының әрі тез, әрі қатты болғаны жөн. Боксшы сол қолымен қарсыластың оң қолын сыртқа қарай қаққанда қауіпсіз болу үшін оңға қисаюы керек.