Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
15. Лекция Сол қолмен тіке соғу
Соққы сол қолмен бастапқы тұрыста орындалып, сол қол жұдырығының нысанаға дейінгі жолының аздығына байланысты, сол қолмен тіке соққылар жылдам және дәл соққылар ретінде қолданылады. Күшті соққы берер алдында қолды артқа сермеп барып орындайды. Соққы берер алдында боксшы денені сәл солға бұрады, сол қолдың жұдырығы нысанадан алыстайды да, соққы үдеме қозғалыс қосылады. Ары қарай бір мезгілде денесі оңға бұрылып, артқы аяғымен итеріледі. Сосын сол қолдың шынтағы жазылып соққы нысанаға қарай бағытталады. Бұл кезде дене оңға қарай бұрыла береді де, сол иық алға шығарылыды. Дененің салмағы алдыңғы аяқа ауыстырылыды. Соққы қимылының соңында алдыңғы аяғымен тіреледі де қарсыласына денесінің сол қапталын беріп бұрылады. Соққыны тигізгенде жұдырық алақанымен төмен немесе оңға бұрылады. Бұл екі жағдай да табиғи, дұрыс және ыңғайлы болады. Ол боксшының даындық ерекшеліктеріне байланысты. Оң қол бас пен денені қорғап тұрады. Сол қолмен қарсыластың басына бағытталған келте соққы қысқа қашықтықтарда қолданылады.бұл жағдайда жоғарыдағы үрдіс қайталанады: қол толық жазылмайды, шынтақ буынындағы қосылған күштер қатаң соққыға дайындалады. Егер, ара қашықтық алыс болса, онда соққыны алға сәл еңкейіп барып, сол иықты нысанаға жететіндей алға шығару арқылы жасау қажет. Соққыны жылдамдыққа бағыттағанда боксшы денесін шамалы буынын жаза отырып, жұдырық нысанаға бағытталады. Дене мен сол иық тоқтап, жалпы салмақ орталығы бастапқы қалыпты тұрыстай тіреу орталығына орналасады. Сонымен, соққы бір ғана қолдың қозғалысымен орындалады. Ол жылдам, бірақ әлсіздеу болады.
Мұндай қимыл шабуылды жалғастыруға мүмкіндік болмаған сәтте қарсыласпен арақашықты үлғайтуға мүмкіндік береді. Сол қолмен төменнен жасалатын басқа соққыларға қарағанда мұның ерек-шелігі көп. Ұзын және қысқа соққыларды алыс және жақын арақашықтықтарда бірдей жүзеге асыруға болады. Бұл соққыларды орындау да басқаларынан жеңілдеу. Денені қорғап тұратын қарсыластың оң қолын басқа бағытталған соққымен кей кезде алдауға да болады. Қарсылас оң қолымен басын түгел жапқанда, сол қолдың бағытын өзгертіп, соққыны денеге дарыту керек
Сол қолмен денеге төменнен жасалатын соққының осы қолмен басқа жасалатын соққыдан бағыты ғана өзгеше. Ұзын соққыда сол қол шынтақ тұсында жазық бұрыш, ал қысқа соққыда сүйір бұрыш жасайды. Бұл соққыларда мұнан басқа ерекшелік жоқ. Сол қолмен денеге төменнен соққы жасалған кезде арқа, қарын, аяк, және соққы жасалған бұлшық еттері қатаяды. Бұл соққының күшін біршама арттырады. Бұл соққы боксшы қарсыласына бетпе-бет тұрған сәтте және онын, оң қолы соққыға кедергі жасай алмайтын кезде ғана жасалады. Мұндай жағдайға қарсылас боксшының басына немесе денесіне оң қолмен соққы жасаған кезде ғана душар болады. Осы кезде оң қолмен басқа төменнен қарсы соққы беру және оны қорғаныспен үштастырып немесе соққы бергеннен кейін тез кейін шегіну дұрыс. Осындай шабуыл қарсылас еңкейген сәтте ғана жасалады. Сокқы жасаған кезде дененің бар салмағы сол аяққа тусу керек. Ал оң қопмен басқа тем.еннен соққы дарыту үшін дайындық жасаған жөн. Сол қолмен жасалатын көптеген алдамшы соққылар, шабуылдар қарсыластың назарын аударып, қорғанысын әлсіретуге тиіс. Жекпе-жек кезінде басқа теменнен жасалатын қысқа соққылар бір орында түрып та, бір қадам ілгері аттап та жасапады. Бұл боксшылардың ара қашықтығына байланысты. Бір орында түрып соққы жасаған кезде тізе сәл бүгіпеді, дене оңнан солға бүрылады, оң иық алға шығады, түйілген жүдырықтың саусақ жағы өзіңе қарайды. Сол қолдың жүдырығы басты, ал шынтақ дененің сол жақ бөлігін қорғайды. Оң қолмен басқа төменнен жасалған қысқа соққыны бір қадам аттап орындаған кезде, дененің барлық сапмағы алға аттаған сол аяққа түседі. Ап орындалуы жағынан жаңа ғана жоғарыда айтылған сокқыдан ешқандай өзгешелігі жоқ. Бұл соққыны жиі қопдану ете қиын. Себебі, қарсыластың сол қолы бұл соққының жүзеге асуына мүмкіндік бермейді. Оп үшін қарсыластың сол қолын көтеруін күту керек. Тіпті сондай кез туғанда да өте сақ болған дүрыс. Абайсызда соққы қарсыластың шынтағына тиюі мүмкін. Ал мұндай жағдайда көбіне саусақтар жарақаттанады..
Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
Достарыңызбен бөлісу: |