Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
10. Лекция Әр түрлі тәсілмен ұрыс жүргізетін боксшыларға қарсы толық шабуыл және қарсы шабуылдар жасау әдістерін шындау тәсілдері
Қозғалыс кезіндегі қойылымдарды шыңдауға арналған жаттығулар:
1. Қарсыласына қатты соққылармен шабуы жасайтын боксшының ролі беріледі, яғни, бірінші секундтан бастап әр түрлі соққылармен дұры шабуылға шығады. Боксшыға алыс қашықтықта ұрыс жүргізіп, келесі ұрыс түрлерін қолдан ұсынылады:
а) шебер қозғалу;
ә) қарсыласын қажет болғанда оңға-солға кетіп қалып, ауаны соқтырады;
б) оң қолмен қарсы соққы жасап, қарсыласының шабуылын тоқтатады, ары қарай шабуыл жасауға кіріседі;
в) кетіп бара жатып сол қолмен соққылар жасау, соққылар тізбегін орындау.
2. Қарсыласы сондай тапсырма алады. Боксшы қорғаныс әдістерін қолдана жүріп жақындайды, қорғанады, қарсы шабуылға шығады:
а) қарсыласының қолдарын оның қолына қойып, шығынан ұрып жұмыс істеткізбей шабуылға, қарсы шабуылға шығады;
б) күрделі қорғаныстарды қолдана отырып, ары қарай белсенді әрекеттерге көшеді;
в) бұгып, еңкейіп қорғана жүріп, жатқан ара қашықтықтан қарсы шабуылдар жасайды.
3. Қарсыласы сондай тапсырма алады. Боксшы 2 – 3 - ші жаттығуларды қайталайды.
4. Қарсыласы жақын ара қашықтықта жұмыс істеп жүріп, жақын ара қашықтықта боксшыға одан да жақындап, өзінің тәсілімен дұрыс жүргізуге тапсырма алады. Боксшы ара қашықтықты сақтай жүріп барлық өнерін көрсетіп жұмыс істеп, ұрыс бағытын өзгертеді. Кездесу кезінде барлық айла-әдістерін боксшылар еркін ұрыс жүргізгендей пайдаланады.
5. Боксшылардың екеуі де бірдей тапсырма алады. Екеуі де бірін-бірі қанатқа, бұрышқа тысқырып, қолдарын ұстасып, жұмыс істеткізбей қолайлы кезде шабуылға шығады. Әр түрлі әдістермен екеуі де ұрыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |