Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



бет18/20
Дата08.02.2022
өлшемі103,57 Kb.
#119844
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Бокс лекция

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.


13. Лекция Адымдап орын ауыстыру

Адымдап орын ауыстырудың екі түрі бар: дағдылы және қосымша. Дағдылы адыммен орын ауыстыру қосымшадан едәуір жылдамырақ орындалады. Дағдылы адымдау алға және артқа қарай орындалды. Ол көбінесе қарсыласқа 2-3 адым ара қашықтық та қолданылады. Негізгі қозғалыстың түрі – ол қосымша адымдап қозғалу. Ол алға, артқа және оңға – солға адымдап орындалады. Алға адымдап қозғалғанда дене салмағы артқы аяққа ауыстырылмайды. Дененің жалпы салмақ ортасы орнында қалады. (бұл қарсыласқа көздеген іс-әреетті сездірмейді). Сосын артқы аяқ алдынғы аяққа жақындатылып қойылады да, сайыс алдындағы тұрыс өзгермейді. Алға қозғалғанда алдыңғы аяқпен адымдап, артқы аяқ жылжытылып алға қойылып, артқа қозғалғанда артқы аяқ бірінші адымдап, алдыңғы аяқ соңынан жылжытылып қойылады. Оңға-солға қозғалғанда алдымен қозғалтатын бағытта бірінші тұрған аяқ адымдайды (оңға –оң, солға –сол аяқ). Боксшы бұрылыс кезінде де адымдап қозғалады. Ұрыс жүргізудің қажетті шарттарының бірі-ұрыс алдындағы тұрыс жағдайын қарсыластың қозғалысына қарай өзгертіп отыру. Бұрылыс тірелген аяқтың үстінде денені оңға-солға бұрып сол бағытқа адымдап қозғалумен іске асады. Аяқтардың соңғы дағдайлары ұрыс алдындағы тұрыс кезіндегідей болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет