Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



бет13/20
Дата08.02.2022
өлшемі103,57 Kb.
#119844
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Бокс лекция

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.


8. Лекция Бокс техникасы мен оның маңызы

Бокстың техникасын жан-жақты дайындығы бар, кең жаттыққан және рингте үнемі жекпе-жекке түскен спортшы ғана меңгере алады. Бокс техникасы дегеніміз — үзбей жаттығу арқасында қорғаныс пен шабуылдың бір-бірімен сабақтасып, боксшының жекпе-жектеп дағдысына айналуы, рингте тез әрі шапшаң қимылдау, жекпе-жек кезінде туатын көптеген қиын жағдайларда қорғанып қана қоймай, шабуыл жасай алатын қолайлы сәттер туғызу. Қорғаныстан шабуылға көшу әдістерін жете меңгеру және оны дағдыға айналдыру, шабуыл кезінде әр түрлі соққыларды үйрену, қарсыласының шабуылы кезінде берік қорғанысқа көшіп өзіне соққы дарытпау, түрлі жағдайларда өзіне пайдалы әдіс-айлаларды толық пайдалану, барлық қимылды бір мақсатқа жұмылдыру. Тактикалық есептерді басшылыққа алып отыратын жекпе-жек кезіндеп негізгі қару — боксшының техникасы болып есептелінеді. Сондықтан боксшы техниканы жете меңгеріп, оны рингте сенімді және еркін пайдалаиа білуі қажет. Рингте, жекпе-жек кезінде боксшылардың жағдайы жиі өзгеріп тұрады. Бірақ қандай жағдайда болсын, спортшы өзіне ең пайдалы әдісті таба білуді үйренуі қажет. Техниканы жете меңгерген боксшылар ғана кез келген жағдайда дұрыс шешім таба алады. Боксшының жекпе-жек кезіндегі әр қимылы екіншісінен туындап, соны жалғастырып жатуы керек. Шабуыл мен қорғаныс бірімен-бірі сабақтасып жатпаған жерде бсксшы өзіне аса қажет екі тізгінді де қарсыласына беріп қояды.


Әр боксшының техникасы тек өзіне ғана тән болуы мүмкін. Бірақ бұлардың негізі бір жүйе бойынша үйретіледі. Сол жүйені әр жаттықтырушы жақсы білуі және оны ұстаздық қызметінде жете пайдалануы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет