Лекция жинағы шымкент, 2021 ж



бет10/20
Дата08.02.2022
өлшемі103,57 Kb.
#119844
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Бокс лекция

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
6. Лекция Қорғаныс тәсілдері

Денедегі ең осал жерлерді қарсыластың үнемі нысанаға алып жүретіні даусыз. Осындай жерлердің біріне дәл тиген қатты соққыдан боксшы нокаут алады. Накаут деп — боксшының біраз уақытқа қарсылық көрсету қабілетінен айырылуын айтамыз. Әр боксшы бүкіл жекпе-жек бойы дененің осы аталған осал жерлерін асқан жауаптылықпен қорғауы керек. Қорғаныстағы әр қателік спортшыны аса қиын жағдайда қалдырады. Жұдырық осы аталған жерлердің біріне ти-се соққы естен тандыратын қатты болмаса да, біразға дейін дененің соққы тиген осал жёрі ауырады. Ал мұндай жағдай жекпе-жек-тегі тізгінді қарсыласқа береді. Соққы дарытпау үшін кейін немесе, оң, не солға қарай жалтаруға, сондай-ақ денені әр жаққа қарай бұруға, болмса соққыны басқа жерге емес қолдың қырына тигізуге болады. Көп жылғы тәжірибе, қорғаныста мұнан басқа қимылдардың жоқ екенін көрсетті.Ал басқаша қорғану мүмкін емес. Ол бокс ережесіне сай келмейді. Бокстың техникасында қорғаныстың негізгі бес түрі ғана бар: соққыға қолды тосу және соққы берген қолды бір жағынан қағу. Қорғаныстың бұл екі түрі де қолмен орындалады Денені бір жаққа жалтару және бұғу сияқты кейінгі түрлерінде қорғаныс арқылы жасалады. Қорғаныстың ең соңғы түрі — соққы даритын жерден тез кету.


Денедегі ең осал жерлерді қарсыластың үнемі нысанаға алып жүретіні даусыз. Осындай жерлердің біріне дәл тиген қатты соққыдан боксшы нокаут алады. Накаут деп — боксшының біраз уақытқа қарсылық көрсету қабілетінен айырылуын айтамыз. Әр боксшы бүкіл жекпе-жек бойы дененің осы аталған осал жерлерін асқан жауаптылықпен қорғауы керек. Қорғаныстағы әр қателік спортшыны аса қиын жағдайда қалдырады. Жұдырық осы аталған жерлердің біріне ти-се соққы естен тандыратын қатты болмаса да, біразға дейін дененің соққы тиген осал жёрі ауырады. Ал мұндай жағдай жекпе-жек-тегі тізгінді қарсыласқа береді. Соққы дарытпау үшін кейін немесе, оң, не солға қарай жалтаруға, сондай-ақ денені әр жаққа қарай бұруға, болмса соққыны басқа жерге емес қолдың қырына тигізуге болады. Көп жылғы тәжірибе, қорғаныста мұнан басқа қимылдардың жоқ екенін көрсетті.Ал басқаша қорғану мүмкін емес. Ол бокс ережесіне сай келмейді. Бокстың техникасында қорғаныстың негізгі бес түрі ғана бар: соққыға қолды тосу және соққы берген қолды бір жағынан қағу. Қорғаныстың бұл екі түрі де қолмен орындалады Денені бір жаққа жалтару және бұғу сияқты кейінгі түрлерінде қорғаныс арқылы жасалады. Қорғаныстың ең соңғы түрі — соққы даритын жерден тез кету.
Қорғаныстың осы түрлерінің бәрі бір-бірінен өзгеше. Қорғаныстың әр түрінің орындалуында өзіндік әдістер бар. Мысалы, қарсыластың соққысына алақанды немесе жұдырықтың сырт жағын тосуға, қолдың қырын немесе білекті қоюға, соққы берген қолды оңға немесе солға қарай қағуға, соққыдан оңға, солға немесе артқа кетуге де болады. Қорғаныс қай түрімен қалай қорғану қарсыластың соққысының түріне, көздеген нысанасына қай қолымен гонк беретініне байланысты. Жалтарып немесе бұғып қорғану қарыластың соққысы басқа бағытталғанда ғана қолданылады. Қорғаныстың қай түрінде де боксшының тактикалық есебі болған дұрыс. Бокстың ережесі мен спорттық этика жекпе-жекке қатысушылардың қандай жағдайда болмасын техникалық әдіс-айлалардың дұрыс қолданылуын қадағалайды. Боксшыларға тыйым салынған әдістерді қолдануға рұқсат етілмейді. Қарсыластың қолын ұстауға немесе қолтыққа қысып және мұндай кезде соққы беруге болмайды. Боксшыларды алғаш үйреткен кездерде де, кейіннен жаттығулар жасаған кезде де олардың бойын мұндай жатқьлықтардан аулақ устауға үйрету қажет. Бокс ережесі бойынша рұқсат етілмейтін әдістерді пайдалануға, боксты палуандар белдесуіне айналдырып, күрес әдістерін қолдануға болмайды. Спорттың әр түрі өзінің техникалық ерекшелігімен ғана көптің көңілінен шығады.
Қорғаныс жүйесі. Бокстағы негізгі соққылардың мән-жайына жете түсініп, олардан қорғанудың ең тиімді әдістерін анықтаған жаттықтырушы барлық қорғаныс қимылдарын бір жүйеге түсіруге міндетті. Боксшыны үйретуді бастаған кезден-ақ кейбір жеке әдістерді жеке қолданудан қашу керек. Қорғаныссыз шабуыл жоқ. Сондай-ақ шабуыл жасаған кезде қорғанысты ұмытуға болмайды. Соққы қанша қатты болғанмен, оны одан әрі жалғастырмаса онда бұл да ойлаған межеден шықпайды. Мұндай жағдайда боксшының техникасы санаулы әдістермен немесе, біріне-бірі байланысы жоқ жеке әдістермен шектеледі де, тактикалық мүмкіндігін азайтады. Боксшы бокстағы барлық әдіс-айламен жете таныс болуы керек. Жекпе-жек кезінде қандай қиын жағдайда да дүрыс жол таба білуі қажет. Бокстағы әрбір техникалық әдісті пайдаланатын кезді боксшы өзі анықтай алатын болғаны жөн. Бокстағы барлық әдіс-айлаларды анықтап, оны бір жүйеге түсіруді алғаш рет 1935 жылы А.Г.Харлампиев қолданды. Ол жекпе-жекте кездесетін барлық әдіс-айлаларды, шабуыл мен қорғанысты, сондай-ақ жеке соққыларды жүйелеуде бірнеше еңбек жазды. Қорғаныс әдістерін шабуыл әдістеріне қарсы қойып, жаттықтырушы боксшының ең тиімді соққыларын, қорғанысын және қарсы соққыларын анықтауы қажет. Боксшының қорғаныс кезіндегі әр қимылы шабуылға шығатын алғашқы дайындығы болуы керек. Реті келгенде қарсыласты састыратын жауап соққы беруге немесе қарсы ша-буылға дайын тұрған жөн. Бұл терді көп төгуді, үзбей жаттығуды, бокс техникасын жете меңгеруді қажет ететін қасиет. Қорғанысты осындай жүйеде ұйымдастырған боксшы ғана сәті келген кезде қорғаныстан шабуылға тез шыға алады. Қорғаныста жүрген боксшының әрбір қарсы соққысын қарсы шабуылдың басы деп қараған жаттықтырушы ғана боксшыға жекпе-жекті қалай жалғастыра алатындығын үйрете алады. Қорғаныстың негізі, спортшыларға бокс техникасын үйреткен сәттен бастап-ақ оның қорғанысқа баса назар аударуын қадағалау керек. Жан-жақты қорғана білу боксшының нағыз шёберлігін көрсетеді. Ол жекпе-жекте боксшының әр қимылында шеберлік барын, әр қозғалысының бірімен-бірінің сабақтасып шатқанын байқатады. Сонымен қатар боксшының жекпе-жектен өзіне деген сенімділігін арттырады. Қорғанысқа жете көңіл бөлмеу рингте боксшыға жат қылықтар көрсетуге әкеліп соғады. Ондайда бокс көрермендері де, төрешілер мен жаттықтырушылар да боксшыға қатты ренжиді. Олар рингте әр әдісті бір-бірімен ұштастыра алатын, қарсыласын дөрекілікпен емес, шын шеберлікпен жеңе алатын жан жақты, ойлы боксшыны көргісі келеді. Бокс техникасындағы ерекшелік - әр қимылды үнемді пайдалана білу. Қорғаныс та бұдан шет қала алмайды. Шабуылда болсын, қорғаныста болсын әр қимылды үнемді пайдалану боксшының күшін сақтайды, қорғаныстан шабуылға тез өтуіне мумкіндік береді. Боксшының арақашықтықты дұрыс анықтай білуі, оның шын шеберлігін көрсетеді. Бокста қолданылатын барлық әдіс-айла арақашықтыққа ғана байланысты екенін еш уақытта естен шығаруға болмайды. Жекпе-жек үстінде қорғаныстың қай түрін пайдалану керектігі де арақашықтыққа байланысты. Алыс және орта арақашықтықтарда жүріп, қорғаныстың барлық бес түрін де қолдануға болады. Ал жақын арақашықтықта негізінен жалтарып немесе бұғып қорғану керек. Жас боксшы жекпе-жек кезінде қандай қорғанысты пайдалану керектігін білу үшін, шабуыл жасаған қарсыласының тұрысына қарап,оның қай қолмен қалай соғатынын, қай жерді нысанаға алып тұрғанын алдын ала анықтап алу керек. Мұнда да тездік өте қажет. Қорғаныс соққы нысанаға жетерден сәл бұрын жасалғаны абзал. Егер боксшы қарсыласының ойын күні бұрын анықтап, сол жерді бірден қорғаса, онда қарсыласы соңғы сәтте соққының бағытын өзгертіп жіберуі мүмкін. Ал кейбір жағдайда қарсыласының ойын күні бұрын аңғарған боксшы соққы жасайтын қол алға созылмас бұрын оның алдын алғаны жөн. Ол үшін қарсыластың соққы жасайды деген қолына қарсы соққы қолданылады. Боксшы қарсыласының әр соққысына тактикалық жағынан ең дұрыс деп есептелетін және жекпе-жектің дәл осы кезеңіндегі талапқа сай қорғанысты қолданғаны дұрыс. Егер қарсылас үзбей шабуыл жасаса және жақын арақашықтықта басымдылық көрсетіп жүрсе, онда артқа, оңға немесе солға қарай тайқыған жөн. Қысқа соққылар берілетін жерлерде қорғанысқа жете назар аудару керек. Мұндай кезде қарсыласпен жақын арақашықтықты сақтап және қарсы соққылар беруден күдер үзбей қорғану алыс арақашықтықтағыға қарағанда қиындау тиеді. Бұл боксшыдан шеберлікті талап етеді. Егер алыс арақашықтықта боксшы соққылардан оңай құтылып кете алса, жақын арақашықтықта жалтарып немесе соққыдан төмен ығып, қолдың қарын қойып немесе бұғып қорғанады. Жақын арақашықтықта өтіп жатқаи жекпе-жекте боксшы жинақы болуы керек Бұл дененің ең осал жерлерін соққыдан қорғауға мүмкіндік береді. Дененің қозғалысы боксшының қорғанысын күшейте түседі. Қорғаныс түрлерін жете меңгеру, оның техникалық дәл орындалуын қадағалау, оны жекпе-жек кезінде жан-жақты пайдалану, арақашықтыққа байланысты қорғаныс түрлерін дүрыс қолдану — боксшының негізгі міндеті. Бұл боксшының өзіне деген сенімділігін арттырады, жекпе-жекті тактикалық сауатты өткізуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет