Ұсынылған әдебиеттер: 1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
5. Лекция Төменнен жасалатын соққылар
Төменнен жасалатын соққылар да боксшының басқа соққылары сияқты ұзын, тіпті өте қысқа болуы да мүмкін. Қарсыласын басты нысанаға алып, бірақ жұдырығын денеге дарыта алмаған кезде ұзын соққыларды пайдалану керек. Ал қарсыласың өзіңнен қысқа немесе аяқтарын бүгіп, төмен тұрса, онда басты ұзын соққылармен нысанаға алған абзал. Қысқа, төмен соққылар жақын қашықтықтарда пайдаланылады. Оны екі қолмен бірдей денеге де, басқа да дарытуға болады. Сонымен қатар қарсыластың шабуылы кезінде қорғаныспен ұштасқан қарсы соққылар ретінде де қолданылады. Егер бәсекелесің тік тұрса еш уақытта шабуылды қысқа соққылармен бастауға болмайды." Қарсылас мұндай соққылардың алдын алып кетуі мүмкін. Сондықтан қысқа, төмен соққылар қарсылас боксшы еңкейген сәтте ғана пайдаланылады. Қысқа, төмен соққылар қолданған кезде дене түзеледі. Кейде еңкейіп тұрған боксшының шалқаюы да мүмкін. Дененің осындай қозғалысы соққыға күш қосады. Мұндай соққыларды жүзеге тез асыру қажет. Осындай тездік және дененің тез өзгерісі соққының күшін молайтып, қарсыласты қиын жағдайға қалдырады. Жекелеген төмен соққылар кезінде бос қолмен басты, денені қарсыластың қарсы шабуылынан қорғап жүрген абзал. Бүл соққы қарсылас алға қарай еңкейіңкіреп түрған кезде пайдаланылады.
Тәжірибелі боксшылардың қорғанысы ерекшелігімен көзге түседі. Жаттығуды жаңадан бастаған боксшының қорғанысы жеке әдістерден тұрса, техникасы жетілген және қорғаныстың барлық әдістерін жетік білетін боксшы сол қорғаныс қимылдарының бәрінің басын қосады. Бұл — күрделі қорғаныс. Осындай боксшылардың қорғаныс тәсілдеріне тереңірек үңілсеқ оның әрбір қозғалысында қорғаныстың бірнеше әдісі бар екенін көреміз. Мұндай қорғаныс сенімді болады.
Боксты үйренуді жаңадан бастағандарға қорғанысты үйреткен кезде жаттықтырушы шәкіртінің өзі-ақ бара-бара қорғаныс түрлерінің басын қосып кетеді деген ойдан аулақ болуы қажет. Шәкірттерді осындай күрделі қорғанысқа әуел бастан машықтандыру қажет. Шәкірттеріне қорғаныстың бір түрін үйреткенде, осыны басқа қандай қорғаныс әдісімен біріктіруге болатынын керсеткені дұрыс. Сонда ғана жас боксшылар қорғаныстың қандай түрлерімен сабақтастыратынын біледі. Күрделі қорғаныс та жай қорғаныс сияқты ыңғайлы болуы қажет. Демек осындай күрделі қорғаныста жүріп-ақ қарсы және жауап соққы беруге, қарсы шабуылға шығуға болады. Күрделі қорғаныс көбіне қарсыластың шабуылы кезінде оның бір қырына шығуынан басталады. Бұл арада қарсыластың соққыны қай қолымен жасайтыны шешуші рөл атқарады. Боксшы жалтара қорғанады. Сол арада ол қарсыластың соққысын қолын қойып тоқтатады немесе қайырып тастайды. Мысалы, оңға қарай жалтарып қорғану, екі жаққа қарай кетіп қалумен, сол иықты және оң қолдың алақанын қарсы қоюмен сабақтасу керек. Шегініп қорғанумен бірге оң қолдың алақанын қоюды қоса үйреткен жөн. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді. Боксшыны жаттықтырғанда ең алдымен оны шебер қорғануға машықтандыру керек.