Ұсынылған әдебиеттер: 1. Асқар А. Боксшының тактикалық дайындығы. 2002 ж. 166 бет
2. Касымбеков М.А., Бараев Х.А., Рысбеков Т.Р. Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесі. Алматы, 2006
3. Оспанбаев Е.С. "Бокстың техникалық тәсілдерін үйрету" оқу құралы ОҚМУ Шымкент, 2015 ж.-77 с.
4. Лекция Шабуыл әдістерін шыңдауға арналған жаттығулар
Боксшы қорғаныс әдістерін қолдана жүріп жақындайды, қорғанады, қарсы шабуылға шығады:
а) қарсыласының қолдарын оның қолына қойып, шығынан ұрып жұмыс істеткізбей шабуылға, қарсы шабуылға шығады;
ә) күрделі қорғаныстарды қолдана отырып, ары қарай белсенді әрекеттерге көшеді;
б) бұғып, еңкейіп қорғана жүріп, жатқан ара қашықтықтан қарсы шабуылдар жасайды.
1. Қарсыласы сондай тапсырма алады. Боксшы 2 – 3 - ші жаттығуларды қайталайды.
2. Қарсыласы жақын ара қашықтықта жұмыс істеп жүріп, жақын ара қашықтықта боксшыға одан да жақындап, өзінің тәсілімен дұрыс жүргізуге тапсырма алады. Боксшы ара қашықтықты сақтай жүріп барлық өнерін көрсетіп жұмыс істеп, ұрыс бағытын өзгертеді. Кездесу кезінде барлық айла-әдістерін боксшылар еркін ұрыс жүргізгендей пайдаланады.
3. Боксшылардың екеуі де бірдей тапсырма алады. Екеуі де бірін-бірі қанатқа, бұрышқа ығысқырып, қолдарын ұстасып, жұмыс істеткізбей қолайлы кезде шабуылға шығады. Әр түрлі әдістермен екеуі де ұрыс жүргізеді.
Шебер боксшылардың көпшілігі алыс ара қашықтықта ұрыс жүргізіп қайтадан алыстыққа кетеді. Мұндай боксшылар қарсыласын жеңіл және жылдам қозғалу арқылы ара қашықтықты өзгер жалған әрекеттерге мәжбүр етеді. Шебер боксшылар жалған және жеңіл ұрысты пайдаланып жылдам соққыларға көшеді де кетіп қалады.Үлгере алмаса қарсыласымен құшақтасы жұмыс істеуге кедергі жасайды. Мұндай боксшыға қарсы ұрыс жүргізу оны орта және жақын ара қашықтықтарға мәжбүр етіп рингтің бұрышына, арқанына тіреп өз соққыларын орындауға тырысады.