Қарыздың негізгі сомасы х Пайыздық ставка х Уақыт = пайыз сомасы
Пайыздық ставка – қарыздық құжатта көрсетілетін пайыз нормасы, ол қарыздың негізгі сомасына төленетін пайыздық төлемдердің сомасын анықтайды.
Қаржылық нарықта пайыздық ставка экономикалық ситуациямен анықталады және уақыт ағымына қарай өзгереді.
Қарыз бойынша нақты пайыздық ставка қарыз сомаларының белгілі кезеңдегі нарықтық ставкаларына сәйкес келеді. Нақты пайыздық ставка болашақтағы ақша төлемдерін дисконттау үшін пайдаланылады. Ақша қаржыларының сомасына немесе ақша эквиваленттеріне нақты пайыздық ставка қолданылады. Қарыздың толық сомасы – пайыздық төлемдерсіз белгілі уақытқа төленетін негізгі сома. Пайыздық вексельдің орнына вексельдің беттік жағында көрсетілген пайыздық ставкасы көрсетілмеген пайыздық емес вексель қолданылуы мүмкін. Бірақ онда пайыз есептеле береді, өйткені вексель шығару пайыз төлеумен байланысты. Қарыз алушы ақша қаржыларының орнына вексельдің дисконтталған құнын алады. Дисконтталған құн номинальдық құннан пайызды алып тастағанға тең. Банк вексельді шығарғанда сыйақысын бірден алады, оны өтеу уақытын күтпейді.
Мысал: 2011 жылдың 10 қазанында ұйым номиналдық құны 100 000 тенге вексель алды, жылдық вексель төлемі өтеу кезінде 12%. Есептік жыл 2011 жылы 31 желтоқсанда бітеді, ал вексельді өтеу уақыты -2012 жылдың 30 қыркүйегі. Бұл операциялар бузгалтерлік шоттарда былай көрініс табады:
1.10.2011.Вексельдің ағымдағы құны:
Д «Ағымдағы, банктік шоттардағы ақша»
100000 тенге
К «Басқалар» субшот «Төленуге тиісті вексель»
100000 тенге
31.12.2011. Пайыздар есептелді:
Д «Сыйақы түріндегі шығындар»(100000*12%*3/12)
3000 тенге
К «Төленуге тиісті сыйақы»
3000
31.12.2011. Табыстар мен шығындар туралы есептегі жазба:
Пайыздар бойынша шығындар 3000 тенге
Бухгалтерлік баланстағы жазба:
Ағымдағы міндеттемелер:
«Төленуге тиісті вексель» 100000 тенге
«Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге
Вексельді өтеу кезіндегі жазба:
30.09.2012. Өтеу уақытында номиналдық сома мен пайыздарды төлеу:
Д «Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге
«Төленуге тиісті сыйақылар» 9000 тенге
«Басқалар», субшот «Төленуге тиісті вексель»100000 тенге
К «Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша»
112000 тенге.
2.Облигация – ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұзақ мерзімді негізде үлкен капитал сомаларын қорғау үшін шығаратын қарыздық куәлік. Облигациялар – эмитент-ұйымның негізгі соманы және капиталды қайтарғандағы пайызды төлеуі туралы формальды серті бар құжат.
Облигациялар бірнеше тәсілдер арқылы сатылады.Әдетте, облигацияның барлық эмиссиясы банк- инвестормен сатылады. Инвестициялық банктер жеке инвесторларға белгілі баға бойынша облигация эмиссиясын жасауға кепілдік береді.( сатуға көмектесіп,тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады) Қаржылық ұйымдар мен жеке инвесторлар арасында тікелей тарату альтернативті кепілдік болып табылады.
Облигация эмиссиясының көпшілігі құжаттық формада жүргізіледі. Ұйым облигация шығарғанда, кредиторға кезең сайын мүддесін төлеп отыруға міндеттеме алады және белгіленген күнде алынған соманы төлеп отырады.
Егер бухгалтерлік есепте тіркелгенде бір жылдан артық уақытқа шығарылса, облигациялар ұзақ мерзімді деп аталады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді облигациялар 10 жылдан 50 жылға дейін беріледі.
Шығарылған облигациялар сатылып алынады және көптеген салымшылардың қолында болады. Ұйымдар облигациялық келісім шарт жасап,онда облигация ұстаушылардың құқықтарын,облигацияны өтеу уақыттарын, пайыздық үстеме мөлшерлерін және оларды төлеу уақыттарын көрсетеді. Облигациялар бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі.
Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі "Облигация" шотында жүреді.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті түлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның кандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктермен). Облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен) немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін. Ұйым облигацияны сатып алғанда не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырма болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады.
Заемдар бойынша шығындар қандай кезеңде болса, сол кезеңде есепке алынады.Заемдар бойынша шығындар есебінде мына әдістер қолданылады:
негізгі әдіс;
альтернативтік әдіс.
Заемдар бойынша шығындар капитализацияланады. Капитализациялауға белгілі бір активті сатып алуға, құрылысқа және өндіріске арналған шығындар жатады. Актив бойынша операциялар тоқтаған кезде капитализация да тоқтайды.
Капитализация нормасы – есепті кезеңде өтелмеген заемдар бойынша шығындардың орта өлшенген құны.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Акциялар қандай бухгалтерлік шотта есептеледі?
2.Облигациялар есебінде қандай әдістер қолданылады?
3.Заемдар бойынша шығындар қандай шығындар?
4.Облигациялар қалай сатылады?
Достарыңызбен бөлісу: |