Саяси сана қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Саяси сана қарапайым саяси сана, теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүр, нанымдар жиынтығы. Ол саяси сананың төменгі сатысына жатады.
Теориялық саяси сана саяси тұжырымдар мен көзқарастарды теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді және олардың жүйесін қалыптастырады. Теориялык саяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пайда болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады.
Саяси психологияға саяси өмір негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.
«Идеология» деген ұғым гректің идея - бейне және логос – білім деген сөздерінен шыққан.
«Идеология» ұғымын француз философы Антуан Дестют де Трасси ХVІІІ ғасырдың аяғында «Идеология элементтері»атты кітабында енгізді. Идеология ұғымы туралы пікірлер мен көзқарастар көптеп кездеседі.
ИДЕОЛОГИЯ ДЕГЕНIМIЗ АДАМДАРДЫҢ ҮЛКЕН ӘЛЕУМЕТТIК ТОПТАРЫНЫҢ IС-ӘРЕКЕТIНЕ БАҒДАР БЕРIП, ОЛАРДЫҢ МАҚСАТ-МҮДДЕЛЕРIН БIЛДIРЕТIН ЖӘНЕ ҚОРҒАЙТЫН ИДЕЯЛАР МЕН КӨЗҚАРАСТАР ЖҮЙЕСI.
Идеологияның қызметтері:
1. танымдық қызметi, ол арқылы саяси жүйенi, саяси өмiрдi танып бiлемiз;
2. бағдарламалық қызметi, ол қоғам, әлеуметтiк даму, саяси тұлға, билiк т.б. туралы түсiнiк берiп, адамдардың iс-әрекетiне бағдар берiп отырады;
3. жұмылдыру, iске тарту қызметi, жоғары құнды идеяларды, мақсат-мүдделердi айқындап, оның жүзеге асырылуына түрткi болу, әлеуметтiк топтарды жұмылдыру, рухтандыру;
4. амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі арқылы идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді;
5. бағалау қызметi, халық санасында қоғамның дамуына баға берерлiк жағдай жасайды, үстемдiк етiп отырған қоғамдық тәртiп туралы белгiлi бiр көзқарасты тудырып, қалыптастырады.
Идеологияның
түрлері
Либерализм
(жаңарған либерализм)
Консерватизм
(жаңарған консерватизм)
Марксизм
(социализм)
Идеология мақсаттары:
Санаға өздерінің құндылықтық бағалауларын, саяси
даму мақсаттары мен идеалдарын ендіру.
Қоғамдық санаға ие болу
Азаматтардың мінез құлқы мен іс-әрекетін бағалау, оларды