Лекция жоспары Зат алмасуына кіріспе. Көмірсулар алмасуының сатылары


Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды



бет2/5
Дата31.10.2022
өлшемі1,19 Mb.
#155760
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
К алмасуы

Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдік полисахаридінің қоры – крахмал (картоп, ұн, күріш) құрайды.

жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр);

  • жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» - гликоген (ет, бауыр);
  • өсімдіктегі полисахарид – целлюлоза;
  • дисахаридтер: сахароза (қант), лактоза (сүт);
  • моносахаридтер: глюкоза, фруктоза (бал, жеміс-жидектер), галактоза (сүт).

Тағам көмірсуларының ролі:
1) энергиялық;
2) пластикалық;
3) құрылымдық;
4) қор жинау;
5) сигналдық (рецептор, кейбір гормондар);
6) қорғаныштық (антигендік қасиетті қамтамасыз етуі).
Көмірсулар алмасуы
4 сатыдан тұрады:
І сатысы. Қорытылуы.
Бұл сатысы сәйкес гликозидаза-лардың қатысуымен ас қорыту жолдарында жүзеге асады (“Гидролазалар” лекциясын қараңыз).

2 сатысы.Сіңірілуі.


Моносахаридтер ащы ішек эпителийінің микробүрлері арқылы әр түрлі жылдамдықпен сіңіріледі:
галактоза > глюкоза > фруктоза > пентозалар


екіншілік активті транспорт

жай диффузия (пассивті)

галактоза, глюкоза

фруктоза, пентозалар

3 сатысы. Аралық алмасу


Моносахаридтер ішекке сіңірілгеннен кейін қақпа венасының қаны арқылы алдымен бауырға түседі. Ішектен бауырға түскен моносахаридтер метаболизмге ұшырап, бауырда глюкозаға айналуы мүмкін. Сондықтан ҮҚШ-де тек глюкоза болады.
Қандағы глюкоза мөлшері
3,4-6,0 мМоль/л
Глюкозаны келесі тіндер көп пайдаланады:
1) ми, жүйке тіні үшін глюкоза – негізгі энергия көзі,
2) бұлшық ет (жиырылуға қажет энергияны өндіру үшін),
3) ішек қабырғасы (гидролиз өнімдерінің сіңірілуі үшін),
4) бүйрек (зәр түзілуі үшін энергия),
5) бүйрекүсті бездері (гормондардың синтезі үшін энергия қажет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет