Лекция жоспары Зат алмасуына кіріспе. Көмірсулар алмасуының сатылары



бет3/5
Дата31.10.2022
өлшемі1,19 Mb.
#155760
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
К алмасуы

Тіндерде глюкозаның:
  • 65%-ға жуығы тотығып, энергия бөледі;
  • 30%-ы липонеогенезге және басқа заттардың (пентозалардың, галактозаның, ГАГ, лактозаның) түзілуіне;
  • 5%-ы гликогеногенезге жұмсалады.

Глюкозаның тотығу жолдары

  • 2/3 бөлігі гликолитикалық (анаэробты және аэробты);
  • 1/3 бөлігі пентозофосфатты жолмен тотығады.

Анаэробты гликолиз (грек тілінен аударғанда glycys – тәтті, lysis – еру, ыдырау деген мағынада) – глюкозаның адам мен жануарлардың тіндерінде оттексіз жағдайда сүт қышқылына дейін ыдырауы.
Жасуша цитоплазмасында өтеді, 11 реакциядан тұрады.
Гликолиз реакциялары:
1. Глюкоза гексокиназа (бауырда глюкокиназа) ферментінің әсерінен АТФ-пен фосфорланып, реакция нәтижесінде глюкозо-6-фосфат түзіледі. Бұл – глюкозаның фосфорлану реакциясы.
2. Глюкозо-6-фосфат глюкозо-6-фосфатизомераза ферментінің әсерінен фруктозо-6-фосфатқа изомерленеді. Реакция қайтымды (изомерлену реакциясы).
3. Фруктозо-6-фосфат фосфофруктокиназаның әсерінен АТФ-пен (Mg2+ қатысуымен) қайтымсыз фосфорланып, фруктозо-1,6-дифосфатқа айналады (фосфорлану реакциясы).
4. Фруктозо-1,6-дифосфат альдолазаның әсерінен 2 фосфотриозаға – диоксиацетонфосфат (ДОАФ) пен фосфоглицерин альдегидіне (ФГА) ыдырайды, реакция қайтымды.
Түзілген ДОАФ:
  • шөрнек механизміне жұмсалуы;
  • тотықсызданып, глицерофосфатқа айналуы мүмкін. Ал глицерофосфат
  • триацилглицерин (ТАГ);
  • фосфолипидтер (ФЛ) синтезіне жұмсалады.

5. ДОАФ-тың негізгі бөлігі ФГА-ға айналады (изомерлену реакциясы). Ары қарай гликолиз реакцияларына ФГА қатысады, реакция теңдеуінің алдына 2 коэффициентін қоямыз.
6. ФГА коферменті НАД болатын ПФ-ң қатысуымен тотығады және Рі қатысуымен фосфорланады. НАД НАДН2-ге тотықсызданады (тотығу-тотықсыздану реакциясы). Бөлінген тотығу энергиясы фосфатқа беріліп, ол ФГА-дағы 1С-ке байланыс арқылы байланысып, жоғары энергиялық қосылыс – 1,3-дифосфоглицерат түзіледі.
7.Фосфоглицераткиназа ферментінің қатысуымен 1,3-дифосфоглицераттағы энергияға бай фосфат қалдығы АДФ-ке беріліп, АТФ пен 3-фосфоглицерат түзіледі. Бұл реакция субстраттан фосфорлану деп аталады.
8. Фосфоглицеромутаза ферментінің әсерінен фосфор қышқылының қалдығы молекулаішілік тасымалдану арқылы 3-фосфоглицераттағы С3-н С2-ге беріліп, 2-фосфоглицерат түзіледі. Реакция қайтымды, Mg2+ иондарының қатысуымен жүреді.
9. Енолаза ферментінің әсерінен молекулаішілік тотығу-тотықсыздану реакциясының нәтижесінде 2-фосфоглицерат дегидратацияланып, нәтижесінде жоғары энергиялық қосылыс –фосфоенолпируват (ФЕП) түзіледі. Реакция қайтымды.
10. Пируваткиназаның қатысуымен ФЕП-тан макроэргиялық байланысы бар фосфат қалдығы АДФ-ке беріліп, АТФ және енолпируват түзіледі. Бұл гликолиздегі 2-ші субстраттан фосфорлану реакциясы болып табылады. Енолпируват ферментсіз ПЖҚ-ға айналады. Реакция қайтымсыз.
11. Анаэробты жағдайда ПЖҚ лактатдегидрогеназа (ЛДГ) ферментінің қатысуымен сүт қышқылына (лактатқа) дейін тотықсызданады. Сутегінің доноры ретінде гликолиздің 6-шы реакциясында түзілген НАДН2 пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет