Сұрақтардың түрлері Жабық сұрақтар оқушылардың жадын және фактілерді еске түсіруін тексеру үшін пайдалы. Әдетте, олардың бір ғана «дұрыс» жауабы болады.
Пенициллинді кім ашты? Флодденд (ағыл. Flodden) жанындағы ұрыс қашан болды? Жабық сұрақтар «мұғалім нені ойлап тұрғанын тап» ойынына әкеліп соғуы мүмкін. Дұрыс емес жауаптардың оқушыны көптің алдында кемсіту қаупі бар және олар «үлгерімі туралы мазасыздық» тудыруы мүмкін, ал бұның кейбір оқушылардың сабаққа белседі қатысуына кері әсерін тигізетіні анық.
Ашық сұрақтардың бірнеше жауабы болады және олар жоғары деңгейде ойлау дағдысын дамытуға септігін тигізеді. Жақсы дайындалған сұрақтар оқушылардың алдында түсінгені мен қазіргі нақты мәселенің арасында байланыс орната отырып, оның оқу тәжірибесін байытады. Мұндай сұрақтар сондай-ақ мұғалімдерге оқушылардың білімі мен түсінігін тексеріп, олардың алған білімін қолдану және мәселелерді шешу дағдысы мен шығармашылығын дамыту арқылы жаңа мазмұнда пайдалану үшін ақпаратты жинақтау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.
Стиг туралы естеріңде не бар? Қалай ойлайсыңдар, әрі қарай не болады? «Friend» сөзінің жазылуын қалай есте сақтайсыңдар? Кейбір құстардың серіктері неге өмірлік тұрақты болады? Эссе жазған кезде жоспарлаудың артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?