Лекция кешендері



бет35/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих

Блум таксономиясы
Сынып жағдайында оқытуды қарапайымнан күрделіге қарай тереңдету үшін сұрақтарды ойлау дағдысының деңгейлеріне сәйкес сатылап жоспарлауға болады:



Тиімді сұрақтарды қолдану стратегиялары
Екі немесе үш оқушыдан құрылған топтан, олардың қызығушылығын ынталандырып, осы тақырып, пән бойынша не білетіндерін бағалай алатындай етіп, тақырып немесе пән туралы не білгісі келетіндігін сұраңыз.
Алдымен оқушылардан өз жауаптарын талқылауды сұраңыз; ол ұялшақ оқушыларға жағдай жасайды және де көптеген оқушыларға «мен ойлаймын» дегеннен гөрі «біз ойлаймыз» деп айтқан әлдеқайда қолайлы.
Сабақтың басында, негізгі ұғымды айқындап, оқушыларды тарту үшін, ойды белсендендіретін сұрақ қойыңыз – оны сабақ немесе тақырып соңында қайта қоюға болады.
Қалған оқушылардан жауапты бағалауды сұраңыз – қалғандары не ойлайды екен? Бұл жауапты толықтыруға көмектеседі және бірінші жауап берген балаға басқа идяелар аясында өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік береді.
Ойлану үшін уақыт беріңіз, содан кейін оқушыларға өз ойын өзгертуге немесе басқа жолмен жүруге мүмкіндік беріңіз. Сіз әлі .... ойлайсыз ба? Бұл оқушыларды терең ойлануға және жаңа ақпарат алуға итермелейді. Егер ... болса не болады?
Жабық және ашық сұрақтар арасында, сондай-ақ мазмұнмен және үрдіспен байланысты сұрақтар арасында теңгерімді қамтамасыз етіңіз. Қарапайымтүрдегі бірінші сұрақ, егер ол жақсы дайындалса, оқушыларды шынайы жаңалықтарға жетелейтін танымдық саяхатқа жетелейді.
Айтарлықтай қарапайым, бірақ мүмкіндігінше сұрақтың неге бағытталғанына байланысты барынша айқын болатын дәйекті жақсы сұрақтар қорын дайындап алыңыз. Тағы не? Қалай? Егер олай болса, қалай? Сіз қалай ойлайсыз? /Сіз не сезіндіңіз? /... туралы сіз қалай біле аласыз? түріндегі сұрақтар тізіміне қатысты икемді және мазмұнды болуға дайын болыңыз – бұлар қарапайым сұрақтарды кеңіте алатын мысалдар.
Кез келген жауапқа оң баға беріңіз және сапалы жауаптарды мақтаңыз.
Дұрыс емес жауаптарды түзетпестен қалдыруға болмайды. Олардан кейін қосымша сәйкес сұрақтар болуы тиіс немесе оқушы өз жауабын қайта қарауға мүмкіндік алу үшін, «күту уақытын» беру керек.
Сұрақтарды жеңілдету үшін сұрақты өзгертіңіз немесе басқаша етіп қойыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет