Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма әзірлеу және тапсырмаларды бағалау. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырма әзірлеу және тапсырмаларды бағалау Бөлім бойынша жиынтық бағалауды орындау уақытын мұғалім берілген тапсырмалар мен оны орындауға кететін орташа уақытты, жұмысты орындауды есепке ала отырып анықтайды. Сонымен бірге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды 15-20 минут уақыт аралығын қамтитындай етіп жоспарлау ұсынылады. 15-20 минуттық шектеу – шартты, сабақтың белгілі бір кезеңін ғана алатындай, шағын көлемді бағалау жұмыстарын көрсету мақсатында енгізілген. Оқу бағдарламасында берілген оқу мақсаттары жиынтық жұмыстың мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық жұмыстың мазмұнына меңгерген бөлім бойынша білім мен дағдылар деңгейіне жеткенін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту ұсынылады. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру кезінде мұғалім жиынтық бағалауға қатысты әдістемелік 26 ұсыныста көрсетілген үлгілерді қолдануына болады. Одан басқа, мұғалімге өз бетінше бағалау құралдарын құрастыру ұсынылады. Ол үшін мұғалімге көмек ретінде төмендегідей алгоритмдер ұсынылады:
1) оқу бағдарламасы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша оқу мақсаттарын меңгеру;
2) жиынтық бағалауда тексерілетін оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін анықтау, ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендіру;
3) ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін тексерілетін критерийлердің, оқу мақсаттарының мазмұнын қамтитын бір немесе бірнеше тапсырмалар дайындау;
4) әр тапсырмаға дескрипторлар құрастыру;
5) білім алушыларға, олардың ата-аналарына жиынтық бағалау нәтижелерін ұсыну үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауға рубрикалар құрастыру (бағалау критерийлерінің деңгейлерге сәйкестігін сипаттау).
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмаларын құрастыру алгоритмі Осылайша мұғалім бөлім немесе ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау кезінде оқу мақсаттарының негізгілерін көрсететін, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес екенін белгілейтін бағалау критерийлерін анықтайды.
Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін белгілеу. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерін талдау мұғалімге бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелеріне талдау жүргізу ұсынылады. Аталған талдау білім алушыларға кері байланыс беруге, сыныптың оқу жетістігі деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа мұғалім қажет болған жағдайда қалыптастырушы, жиынтық бағалау рәсімдерінің алдағы уақыттағы әдістерін, тапсырмаларды, сабақ жоспарларын қайта қарауына болады. Жалпы алғанда бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау білім алушының оқудағы кемшіліктерін уақытында анықтау және оның алдын алу үшін өткізіледі. Белгілі болғандай, білім алушылардың басым бөлігі өз оқуында түріне, санына, сапасына және т.б. қарай белгілі бір кемшіліктерді жинақтай бастайды және жалғастырады. Егер «кемшілік» сөзінің мағынасына мән беретін болсақ, ол қателік немесе кемшілік, жетіспеушілік дегенді білдіреді (Ушаков, 1940). Өз кезегінде қателік дегеніміз тиісті нәрсені орындамау, жеткіліксіз қарау, ұқыпсыздықтан қателік жіберу, ал кемшілік, жетіспеушілік дегеніміз жетілмеу, ақаулық, олқылық, бір нәрсенің сапасыздығы деп сипатталады. Сондықтан оқудағы кемшіліктердің сипатын қарастыра келіп, кейбір білім алушылардың кемшілік деп танылатын мардымсыз, жөндеуге болатын қателіктері, кейбіреуінде маңызды кемшіліктер, олқылықтар бар деп айтуға болады. Кемшіліктерді анықтау үшін мұғалімдерге сапалы (валидті) тапсырмаларды іріктеуі/құрастыруы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша 28 жиынтық бағалау үдерісін сабақта әр білім алушының материалды меңгеру деңгейін дер кезінде диагностикалауға мүмкіндік беретіндей жоспарлау қажет. Бұл ретте кемшіліктерді қарастыруға қатысты асығыс шешім қабылдау, ұсыныс беруден аулақ болған дұрыс. Нақты тұжырым тек бір ғана шағын тапсырмаға немесе бір реттік бақылауға негізделмеуі тиіс. Оқу білім алушының басында түсіну, жеткізу, болжау түрінде болатынын, сондықтан қорытындыны (бағалау пайымы) дұрыс тиянақтау үшін ең сенімді, жарамды (валидті) негізді талап ететін үдеріс екенін естен шығармауымыз қажет.
Негіз ретінде қалыптастырушы бағалау кезіндегі бақылау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау кезіндегі нәтижелер қызмет атқаруы мүмкін. Бұдан басқа қосымша негіздеме ретінде мұғалімнің кемшіліктердің алдын алу туралы шешім қабылдауы кезіндегі сенімділігін арттыру мақсатында туындаған қиындықтарды білім алушымен бірге талқылауына болады. Оған көмегі тиетін жағдай туындағанда, осы шара туралы оның пікірін, ойын білуіне болады.
Бағалаудың дәстүрлі жүйесінде мұғалім, білім алушы мен атааналар туындаған таптаурын жағдайларды анықтауда, кемшіліктерді түсінуде сапалық көрсеткішті пайдалануға дағдыланған. Егер мұғалім
«5» немесе «4» деген баға қойса – бұл кемшілік жоқ немесе елеусіз ғана қателік деген сөз;
«3» деген баға қойса – түзетуге болатын және түзетуді қажет ететін кемшіліктер бар;
«2» деген баға қойса – қосымша күшті қажет ететін салмақты қателері бар деген сөз. Мұндай түсінік кейбір мектеп мұғалімдері мен өз балалары тарапынан кемшіліктердің алдын алуға болады дейтін немесе сыртқы көмекке, мысалы, сабақ үйретушіге (репетитор) сүйенуге болады деп түсінетін ата-аналарға жеткілікті, қолайлы болуы мүмкін. Алайда білім алушылар мен мұғалімдер үшін мұндай бағалау тәсілінің пайдасы шамалы. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісінде оқудағы кемшіліктерді айқындау үшін білім алушының нақты неден қиналатынын анықтау ғана маңызды емес, сондай-ақ, қалай, неге туындағанын анықтау да маңызды. Білім алушылардың оқудағы кемшіліктерінің алдын алу үшін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне қатысты сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру және мұғалім тарапынан (оқыту үдерісіне түзетулер енгізу) да, білім алушы тарапынан (қосымша және/немесе өз бетінше оқу) да білім мен дағдыны толықтыруға бағытталған әрекеттер жасалуы қажет.
Ақпараттарды жинау және бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің талдауы үшін «Тапсырманы орындау пайызы» көрсеткішін қолдану ұсынылады. Бұл көрсеткіш максималды мүмкін балдарға қатысты білім алушылардың жинақтаған балдық үлесін көрсетеді.
Білім алушының тоқсан барысындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері. Білім алушылардың оқу деңгейлерінің сипаты:
Төмен деңгей 0%-39%
• Пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты қарапайым білімін және түсінігін көрсетеді
• қарапайым тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі
• ақпаратты ұсынудың әр түрлі формалары (кестелер, графиктер және диаграммалар) негізінде қарапайым қорытынды жасайды
• қарапайым тапсырмалардағы үлгілерді ажыратады
Орта деңгей 40%-84%
• пән бойынша терминдер мен ұғымдарды жеткілікті түсінгенін және білімін көрсетеді
• әдеттегі тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін орынды қолданады
• ақпаратты жинақтайды және ішінара негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты аргументтер келтіреді
• әдеттегі тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің стандартты жолдарын ұсынады және қолданады
• тапсырмалардың бекітілген жиынын шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістеріне қатысты білімін, дағдыларын кіріктіреді
Жоғары деңгей 85%-100%
• пән бойынша терминдер мен ұғымдарға қатысты терең білімін және түсінгенін көрсетеді
• қиын тапсырмаларды орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін орынды қолданады
• әр түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты жинақтайды және толық негіздей отырып, қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтер келтіреді
• қиын тапсырмалар үлгілерін ажыратады, шешудің альтернативті және стандартты емес жолдарын ұсынады және қолданады
• тапсырмалардың кең өрісін шешу үшін оқу бағдарламасының басқа өрістерінен білімін, дағдыларын кіріктіреді, әр түрлі стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңыздылығын және негізділігін бағалайды
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалауда орындалған жұмыстардың нәтижелері білім алушыларға түсінікті болып, одан әрі білім алуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс – білім алушылардың оқу жетістігінің жеткен деңгейі туралы ақпараттардан тұруы керек. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын ақпараттандыру үлгісін мұғалім өз бетінше анықтайды. Аталған ақпаратты рубрика түрінде беру ұсынылады. Рубрика бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімі үшін құрастырылады, ол әр критерий аясындағы оқу жетістігі деңгейін көрсетеді.
Бөлім/ортақ тақырыптар 31 бойынша жиынтық бағалау нәтижелерімен білім алушыларды таныстыру кезінде оған оның жиынтық жұмысын және оқу жетістігі деңгейі көрсетілген рубриканы ұсынуға болады. Мұғалімдерге көмек ретінде жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалар үлгілеріне рубрикалар құрастырылып, ұсынылған. Тоқсандық жиынтық бағалаудың үдерісі Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнындағы білім, дағды және түсінуге қатысты дәлелдеулерді ұсынады, тоқсандағы оқу барысының ілгерілеуін өлшейді. Тоқсандық жиынтық бағалау тоқсан соңында өткізіледі. Тоқсандық баға қою кезінде есепке алынатын балдар қойылады. Тоқсандық жиынтық бағалауда бақылау-тексеру жұмыстарын әр түрлі өткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау дағдыларының деңгейлерін, жетістігін көрсетуін, ойлау деңгейлерінің талдау, жинақтау және бағалау сияқты жоғарғы сатыларымен қоса әр түрлі тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет.