5-тапсырма. Мақсаты: эмпатия көрсету. Роберт Каркуффға жүгіне отырып, Томас Грегори аффективті оқыту дағдыларының әрқайсысын іске асырудың төрт деңгейін белгілейді. Осыған сәйкес, эмпатиялық түсінудің келесі деңгейлері белгіленеді:
1) мұғалім оқушыда реніш және тіпті ашу, өшпенділік сезімін тудыра отырып, оқушының эмоциялық көріністерін елемейді;
2) мұғалім оқушының эмоциялық көріністеріне жауап қайтарады, бірақ бұл оқушының нағыз сезіміне емес, мұғалім дұрыс бағаламай, өзінің оқушыға берген сезімдеріне жауабы;
3) мұғалім оқушының үстіртін сезімдеріне айтарлықтай нақты түсінікпен жауап қайтарады, бірақ оқушының анағұрлым терең сезімдеріне жауап бермейді немесе оны дұрыс түсінбейді;
4) мұғалім оқушы сезімдерінің үстіртін көріністеріне емес, оның жасырын, терең сезімдеріне жауап береді, осылайша мұғалім оқушыға оның осы сезінгенін неге сезінетінін түсінуге көмектеседі.
Келесі тапсырмаларда мұғалімнен аффективті оқытудың тиісті дағдыларын төртінші немесе тым болмағанда үшінші деңгейде іске асыру талап етіледі.