Лекция кешендері


Т.Грегоридің ықшамсабақ бағдарламасы



бет86/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих
Т.Грегоридің ықшамсабақ бағдарламасы
1-тапсырма. Кіріспе сабақ. Мақсаты: өзін мұғалім қызметіне дайындау.
Мұғалім ешқандай алдын ала белгіленген нұсқаулықсыз 6-8 минут бойы өз пәнін оқытады. Бұл оның мұғалім рөлінде болуын іс жүзінде сынау, тексеру болып табылады. Сабақтан кейінгі талдауда мұғалімнің қорқыныш сезіміне, оның себептерін және осы үрейді жеңу жолдарын ұғынуға басты назар аударылады. Ықшамсабақтан кейін мұғалім кешіктірмей өзін-өзі бағалауға арналған арнайы үлгіні толтырады. Онда сабақ беру кезіндегі көңіл-күйін, өзінің алаңдаушылығын (мұғалім оқушыларға алаңдады ма, әлде негізгі ойы «мен сабақты қалай беремін» деген өзі туралы болды ма), сабақтың нәтижесін (күтілетін нәтиже қандай, не жақсы/жаман болды, неге) сипаттауы қажет. Кері байланыс парағын «оқушылар» да толтырады (Т.Грегоридің бағдарламасында, бұл көбінесе басқа мұғалімдер екенін ескертеміз). «Оқушылардың» рөлінде кері байланыс беру арқылы мұғалімдер сабақты бағалауды үйренеді (тапсырманы бағалау үшін айқын бағалау критерийлері болуы керек, бағалау теңгерімді болып, әлсіз және күшті тұстары анық көрсетілуі тиіс). Нәтижесінде мұғалім өз алаңдаушылығының басты себептерін ұғынады (өз әрекеттеріне – қимыл-қозғалысына, сөйлеу ерекшеліктеріне шектен тыс мән беру; өзінің Мен бейнесінің өзгеруінен, сырт көздің бағалауынан қорқу) және оларды жеңуге үйренеді. Сондай-ақ көп жағдайда мұғалімдер өзінің оқыту стилі мектепте оқытқан мұғалімдеріне еліктеу екенін түсінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет