Лекция кешендері



бет94/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих
Институттық нұсқа (pre-service training). Ықшамсабақ студенттерді – болашақ педагогтерді оқыту бағдарламаларына енгізіледі. Сол арқылы ол теориялық курстарды мұғалімдік тәжірибемен байланыстыратын тиімді құрал болады. Ықшамсабақты студенттерді дайындаудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Бірінші курста ықшамсабақ студентке әлеуетті мұғалім ретінде өзі туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді, сөйтіп одан әрі оқуының жеке мақсаттарын айқын анықтауға көмектеседі. Педагогикалық психология курсында ықшамсабақты пайдалана отырып, басты назар пробламалық оқуға және адами қарым-қатынастардың әртүрлі аспектілеріне аударылады.
Ықшамсабақ кемінде аптасына бір рет жүргізіледі. Студенттер тобы қатар жұмыс істейтін шағын топтарға бөлінеді. Олар мұғалім мен оқушылардың рөлін кезектесіп ойнайды. Нұсқаушы-жетекші барлық топтардың жұмысын бақылайды және студенттерге кеңес береді (ішінара бақылау жасауы мүмкін). Студенттер ықшамсабақтың бейнежазбасын қарап, келесі ықшам сабаққа дайындала алады. Нұсқаушы-жетекшінің жеткіліксіз кері байланыс ұсынуы мен бірінші нұсқамен салыстырғанда ықшамсабақтың шарттылығы (аз шынайылық) мұндай практиканың кемшілігі болып табылады. Ал басымдығына ықшамшабаққа студенттердің барынша толық қамтылатынын жатқызуға болады, олардың келесі ықшам сабаққа дайындалуға да жеткілікті уақыты болады. Мұнда студенттер барлығы үшін ортақ тәжірибені талдау мүмкіндігіне ие болады, ал бұл жалпы студенттер тобының бірігуіне көмектеседі және оқу ортасын жақсартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет