Тәжірибе нұсқасы. Ықшамсабақ студенттерді оқытудың негізгі курсына қосымша мектептегі тәжірибе кезеңінде қолданылады және ол жоғарыда сипатталған екі нұсқаның ерекшеліктерін біріктіреді. Ықшамсабақ тәжірибесі студенттерді – болашақ мұғалімдерді оқытудың тиімді тәсілі болумен қатар, тәжірибелі мұғалімдерді жаңа оқыту әдістерін қолдануға дайындаудың пайдалы құралы екенін көрсетеді.
№ 27-28 Лекция тақырыбы: Сабақ жоспарымен жұмыс істеу.
Сабақ жоспарын дайындауда оқу мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлері мен дискрипторларын дайындау
Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты - мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.
Достарыңызбен бөлісу: |