Төменгі сатыдағы аңдардың қалталылар деген бір ғана отряды бар. Оған 250-дей сүтқоректілердің түрі жатады. Олардың сыртқы түрі, дене мөлшері түрліше (4 см-ден 160 см-ге дейін) болады. Қалталылардың аналық организмде дамуы қысқа уақыт (12-30 тәулік ішінде) аралығында жүреді. Ұрпақтары жетілмей туады, ұрық жолдасы нашар дамыған. Мысалы, алып кенгурудың ұрпағының дене мөлшері 3 см-ден аспайды. Көпшілігінің құрса-ғында терілі қалтасы болғандықтан оларды қалталылар деп ата-ған. Аналықтарының жыныс жолдары жүп, төменгі жақ сүйегі иілген, тістері толық түсіп ауыспайды. Олардың түрлері Оңтүс-тік Америка мен Австралияда таралған. Солтүстік Америкада – солтүстік кәдімгі опоссум деген түрі кездеседі. Қалталылардың қазіргі кезде таралған негізгі тұқымдастары: опосумдар, ценолестидалар, жыртқыш қалталылар, қалталы құмырсқажегіштер, қалталы көртышқандар, қалталы аюлар, вомбаттар, кенгурулар. Кенгурулардың 50-дей түрі бар.
Достарыңызбен бөлісу: |