4-отряд. Қолқанаттылар (жарқанаттар). Бұл отрядқа ұшуға бейімделген сүтқоректілер жатады. Оларда қанаттың қыз-метін алдыңғы аяқтарының арасында, денесінің екі бүйірінде, артқы аяқтарында, құйрығында болатын терілі жарғақтар атқарады. Ультра дыбыс толқындарын өздерінен шығарған жаңғырықтары арқылы өте дәл ажырата алады. Олардың 1000-ға жуық түрі Жер шарында (Арктика мен Антарктикадан баска құрлық-тарда) кеңінен таралған. 2 отряд тармағына бөлінеді: а) қанат-тылар; ә) жарқанаттар.
5-отряд. Жүнқанаттылар. Олардың түрлері Үнді-Қытай түбегінде және Малай аралдарында таралған. Аяқтарын, мойнын және құйрығын тұтасымен байланыстыратын қалың терілі жарғағы жүнмен қапталған. Түнде белсенді тіршілік етеді, өсімдік-термен қоректенеді. Ағаштан-ағашқа қалықтап ұша алады (60-100 метрге дейін). Екі түрі бар. Кең тараған түрі – кагуан (малай жүнқанаты).