2-отряд. Кесірттер. Бұл отрядқа Оңтүстік Азияда және Африканың тропикалық аймақтарында таралған аңдар жатады. Олардың денесі жапсарласа орналасқан мүйізді қабыршақтармен қапталған. Жақ сүйектерінде тістері болмайды. Олар термиттермен және құмырсқалармен қоректенеді. Қарнындағы ұсақ тастар қорегін майдалап ұсақтайды.
3-отряд. Жәндікқоректілер. Бұл отрядқа ертеден келе жатқан қарапайым ұрықжолдасты аңдар жатады. Ми сыңарлары-ның көлемі аз, тістері нашар жіктелген. Алға созылыңқы әрі қозғалмалы тұмсығы болады. Көшпілік түрлерінде иіс шығаратын бездер бар. Олар Жер шарында кеңінен таралған және әр түрлі орта жағдайларында (құрлықта, жерастында, суда, ағаш басында) тіршілік етуге бейімделген. Негізгі тұқымдастары – көртышқандар, жұпартышқандар, кірпілер және жертесерлер т.б. Бұлардан басқа Африкада секіргіштер, алтын түсті көртыш-қандар, Куба, Гаити, Мадагаскар аралдарында – тенректер кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |