7-отряд. Қоянтектестер. Олар ұзын аяқтары, түтік пішінді құлақ қалқандары, қысқа құйрығы арқылы ерекшеленеді. Олардың сойдақ тістері болмайды. Күрек тістері мен азу тістерінің арасында едеуір кең тіссіз кеңістігі (диастемасы) болады. Үстінгі жақ сүйегінде екі жұп күрек тісі бар. Қоянтектестер Жер шарын-да кеңінен таралған. Олардың 60-ға жуық түрі белгілі. Олар 2 тұқымдасқа жіктелген: а) қояндар; ә) шақылдақтар. Қояндардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан едеуір ұзын, құйрығы қысқа, құлақ қалқандары үлкен. Кең тараған түрлері – аққоян, ор қоян, құм қояны (толай), жабайы қоян (кролик) т.б. Шақылдақтар тұқымдасына құлақ қалқандары да, аяқтары да қысқа көбіне Азияның таулы өңірлерінде таралған аңдар жатады. Кең тараған түрлері – даур шақылдағы, солтүстік шақылдағы т.б.