Қағанақсыздар (Anamnia) (ұрыққабықсыздар) – бұған дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер жатады.
Қағанақтылар (Amniota) (ұрыққабықтылар) – оған бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.
III. Омырқалылар дене температурасының тұрақсыз және тұрақты болуына сәйкес салқынқандылар және жылықандылар деп 2 топқа бөлінеді.
Салқынқандылар (пойкилотермиялылар) – олардың дене температурасы сыртқы ортаның температурасына тәуелді болады. Бүл топқа-дөңгелекауыздылар, шеміршекті және сүйекті балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар жатады.
Жылықандылар (гомойотермиялылар) – оған дене температурасы үнемі тұрақты - құстар мен сүтқоректілер жатады.
Пысықтау сұрақтары:
Хордалылпр типіне сипаттама.
Хордалылар тиіне тән белгілер.
Жақ аппаратының болу, болмауына байланысты жіктеу.
Хордалыларды даму ерекшеліктеріне қарай бөлу.
Дене температурасының тұрақты, тұрақсыз болуына қарай бөлу.
Достарыңызбен бөлісу: |