Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Терісі: дөңглекауыздылардың эпидермисі 15-ке дейін қабатты эпидермис клеткалары мен өте көп сілемейлі және түйіршікті бездерден тұрады. Қаңқасы



бет44/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021

Терісі: дөңглекауыздылардың эпидермисі 15-ке дейін қабатты эпидермис клеткалары мен өте көп сілемейлі және түйіршікті бездерден тұрады.

Қаңқасы. Дөңгелекауыздылардың біліктік қаңқасын өмір бойы сақталатын хордасы және оның алдыңғы ұшында орналасқан ми сауыты құрайды. Миноганың хордасы екі бөлімге: тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінеді. Ол астында жатқан жүйке түтігімен қоса дәнекер ұлпалы қабықшамен қоршалады. Хорданың үстіңгі жағында шеміршекті өскіндер бар. Олар омыртқаның үстіңгі доғаларының бастамасы деп саналады. Миноганың ми сауыты жақсы жетілмеген, пластина пішіндес шеміршек. Ол бас миын тек астыңғы жағынан қоршап жатады. Ми пластинкасының екі жағына есту капсуласы орналасқан, ал пластинканың алдыңғы ұшында иіс сезу капсуласы бар. Ми сауытының үсті жұқа қабықпен қапталады. .Пластинканың екі жанында көз ойықшасы орналасқан, оның астында доға пішіндес көзасты шеміршегі бар. Бас сүйектің висцеральды бөлімі ауызалды шұрығы мен желбезек торшаларының қаңқасын біріктіреді. Ауызалды шұрығының қаңқасы шұрық қабырғасынан және тілдің күшті бұлшықеттерін ұстап тұратын бірнеше шеміршектерден –сақина тәрізді шеміршек, жоғарғы шеміршек, тіласты шеміршек, бүйір шеміршектер, таяқша тәрізді шеміршектерден тұрады. Желбезек торшалары тоғыз көлденең және төрт ұзынынан жатқан желбезек доғашықтарынан құралған.

Асқорыту жүйесі. Дөңгелекауыздылардың асқорыту мүшелерінің құрылымында қоректену ерекшеліктеріне байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Асқорыту жүйесі ауызалды шұрығынан басталады. Оның түбінде ауыз тесігі орналасады. Ауыз алды шұрығының жиегінде терілі жапырақшалар көмкеріп тұрады. Етті тілінде күшті «терка» тәрізді тісшелер болады. Ауыз тесігінен кейін жұтқыншақ өз кезегінде екіге бөлінеді: үстіңі жіңішке түтік өңеш, төменгі кең тұйық тыныстық түтікпен аяқталады. Өңеш жүректі айналып өтіп ішекке жалғасады, өңеш ішектен клапан арқылы бөлінеді. Ішек бөлімдерге бөлінбеген, ішінде спиральді қатпар болады. Ол ішектің асты сіңіру бетін ұлғайтады. Бұл астың толық қорытылуын қамтамасыз етеді. Ішектен соң аналь тесігімен аяқталады. Дөңгелекауыздыларға қорегінің денесіне асқорыту сөлін жіберіп, астың химиялық қорытылуы тән (мұны «ішектен тыс астың қорытылуы» деп атайды). Бауыры болады, ұйқы безінің нышаны байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет