Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты



бет116/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Сабақтың мақсаты: егекқұйрықты мысалға алып, сүтқоректілердің систематикалық орнымен танысу, олардың сыртқы және ішкі құрылысын оқып білу. Сүтқоректілер класының жіктелуі.

  1. Сүтқоректілерге класына тән белгілер

  2. Тері және оның туындылары

  3. Сүтқоректілердің қаңқасы.

  4. Сүтқоректілердің ішкі мүшелер жүйесі

  5. Сүтқоректілердің жіктелуі

КІЛТТІК СӨЗДЕР: маммалогия, териология, сүт бездері, нефрон, плацента, жатыр, күрек, сойдақ тіс, кіші және үлкен азу тістер, ұрт, етті ерін.

Сүтқоректілер – жануарлар дүниесінің ең жоғары деңгейде дамыған тобы. Олар қағанақтылардың жылықандылар тобына жатады.



Сүтқоректілердің өздеріне тән негізгі белгілері:

  1. Терісі түкпен қапталған. Терінің қосалқы бөлімдеріне – мүйіз, тырнақ, тұяқтар, түктер жатады. Терісінде сүт, тер, май және иіс шығаратын бездері болады;



  1. Бұлшықеттері жақсы дамыған әрі жіктелген. Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын көкет (диафрагма) бөліп тұрады;

  2. Қаңқасында белдеулері мен аяқтарының сүйектері жақсы дамыған;



  1. Асқорыту жүйесінде сілекей бездері жақсы жетілген, тістері жеке топтарға (күрек, сойдақ, азу) жіктелген. Кейбір түрлерінің (әсіресе күйісқайтаратындарда) қарны бірнеше бөлімге

(тазқарын, қатпаршақ, жұмыршық, ұлтабар) бөлінген. Аш ішектері едеуір ұзын. Тоқ ішек аналь тесігіне ашылады;

  1. Тыныс алу жүйесі: өкпесі көптеген ұяшықтардан (альвеолдардан) тұрады. Көмекейі көптеген шеміршектен құралған;

  2. Қанайналым жүйесі. Жүрегі 4 камералы, жүрегінде тек сол жақ қолқа доғасы сақталған;

  3. Жүйке жүйесінде алдыңғы мидың үлкен ми сыңарларының сыртында иірімдер, сайшалар

көптеп кездеседі. Ми қыртысы жақсы дамыған. Мишығының көлемі үлкен, әрі оның сырты да тұтас сұр затпен қапталған. Мидан 12 жүп жүйкелер тарайды;

  1. Сезім мүшелері. Көру анализаторы жақсы дамыған. Көз алмасының торлы қабығында қолба және таяқша тәрізді жарық сезгіш клеткалар көптеп шоғырланған. Есту анализаторы үш бөлімнен (ішкі, ортаңғы және сыртқы) құлақтан тұрады. Ортаңғы құлақ қуысында – төс, балғашық, үзеңгі сүйектері орналасқан. Сыртқы құлақ-құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолынан тұрады. Иіс сезу мүшесі жыртқыштарда жақсы дамыған.



  1. Зәр шығару жүйесі. Бүйректе нефрондардың саны өте көп. Зәрдің уақытша сақталатын мүшесі – қуық пайда болған.



  1. Жыныс жүйесі. Аналықтарында ұрықтың дамитын арнайы мүшесі – жатырда (көпшілік түрлерінде) ұрық жолдасы (плацента) түзіледі. Ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайды. Сүт бездері түрі өзгерген тер бездері болып саналады. Ұрық жолдасы аллантоистың сыртқы қабығының сір қабықпен тұтасуынан пайда болып, борпылдақ хорион қабығы түзіледі. Ол ерекше бүрлері арқылы жатырдың қабырғасымен байланысады. Осы жерде ұрықтың қантамырлары аналық ағзамен тығыз қарым-қатынаста болып, газ алмасу, қоректену, ыдырау өнімдерін сыртқа шығару жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет