Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Тері және оның туындылары



бет117/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
Тері және оның туындылары.

Сүтқоректілердің терісі барлық хордалы жануарлардағыдай 2 қабаттан тұрады: - сыртқы эпидермис және ішкі – кутис немесе дерма. Осы типтің басқа өкілдеріне қарағанда сүтқоректілердің терісі қалың болады. Сүтқоректілердің терісі түрлі бездерге бай болып келеді. Олар: сүт, тері, май, иіс бездері және түрлі мүйізді және сүйекті жануарлар да болады. Тері – полифункциональды мүше, ол дененің қорғаныш, терморегуляция, тыныс алу, бөліп шығару және т.б. процестерге қатысады.

Терінің сыртқы қабаты – эпидермис. Ол кутистен базальды мембрана арқылы бөлініп тұрады. Эпидермистің өзін 2 қабатқа бөлуге болады. Базальды мембранада жататын терең қабаты

– мальпиги немесе өсуші қабат, онда клеткалары ірі, тірі, олар үздіксіз көбейіп отырады. Мальпиги қабатының ескірген клеткалары тіршілігін тоқтатып, мүйізденген зат – кератогиалиннен қабатталып отырады. Осы тіршілігін тоқтатқан клеткалар эпидермистің сыртқы мүйізделген қабатын түзеді, ол үнемі түлеп, төменгі қабаттың клеткаларымен ауысып отырады.

Терінің ішкі қабаты – кутис немесе нағыз тері қабаты, әдетте эпидермисстен қалыңдау болады. Ол бірыңғай бұлшықет талшықтарынан тұратын тығыз дәнекер ұлпасынан және кутистің терең қабаты, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұратын, май жиналатын теріасты клетчаткасынан тұрады. Кутис қабатында қан тамырлары мен жүйкелер тығыз шоғырланады. Ол эпидермисте қан тамырлары болмайды. Ол қабат диффузды қоректенеді. Оған толқындап орналасқан кутистің емізікшелері мүмкіндік береді. Ол эпидермис қабатына еніп жатады.

Сүтқоректілердің терісі рептилия мен құстарға қарағанда әр түрлі қызмет атқаратын көп клеткалы тері бездерімен қамтылады.



Тер бездері. Олар түтін тәрізді, төменгі ұшы клубок түрінде кутисте жатады. Тер бездері тікелей тері үстіне, не болмаса түк қапшығына ашылады. Осы бездерден бөлінетін секрет – тер, 98 % судан және 2 % белок алмасу өнімдерінен тұрады. Тер бездерінің негізгі функциясы – жылу реттеу. Бөлінген тер арқылы дене салқындайды. Сонымен қатар термен бірге организмнен түрлі зиянды заттар шығып отырады. Тер бездері көпшілік сүтқоректілерде жақсы дамыған. Бірақ кейбір аңдарда, иттер, мысық, қоян тәрізділер, кемірушілерде тер бездері өте аз, ал киттәрізділерде, жалқау аң, ящерлерде мүлде болмайды.

Май бездері: бұршақ тәрізді пішінді және өзегі түк қапшығына ашылады. Бұл бездер майлы секрет бөледі, ол түкті және эпидермисті майлап, оларға созылғыштық қасиет береді. Май бездері теріні су болудан және түрлі зиянды микроорганизмдердің өтуінен қорғайды.

Иіс бездері: олар тері немесе май бездерінен дамиды, кейде екеуінің де қосылыстары болып табылады. Бұл бездер иіс секретін бөліп шығарады, ол территориалды белгілеу, өзінің жұбын табу, қорғану т.б. қызметтерді атқарады. Бұл иіс секретін бөлетін бездер: анальды бездер (хоректар, норкалар, америкалық скунс, мангуст), көз алды (антилопа, бұғы, кабарганың мускусты

бездері (құрсағында) выхухоль (құйрық түбінде), бобр (аналь тесігінің қасы) ондатр (жыныс тесігінің жанында) орналасады.



Сүт бездері: түрі өзгерген тер бездері болып табылады және бір тесікті сүтқоректілерде түтік тәрізді болады. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде олар бұршақ тәрізді болады. Жоғары сатыдағы сүтқоректілерде сүт бездерінің өзегі емшектің ұшына ашылады, олар құрсақ жағында, сирек көкірек жағында орналасады (ағашқа өмермелеп тіршілік ететін маймылдарда және жарқанаттарда көкірек жағында); жүгіретін сүтқоректілерде паховой области, насекомқоректілер мен жыртқыштарда құрсақ жағында 2 қатар болып орналасады. Емшектің саны ұрпақтарының санына байланысты болады. Маймылда, қой, ешкіде, пілде – 2 (минимум - 2); кемірушілер, насекомқоректілер, қалталыларда саны (10 – 24 мах). Сүт бездерінің секреті – сүт, оның құрамына 100 компонент, олардың ішінде су, ақуыз, сүт майлары, қант, минералды тұздар. Сүттің құрамында гормондар мен иммунды денелер болады.

Эпидермистің туындылары: түрліше болып келеді. Олардың негізгісі түк және оның туындылары мүйізді қабыршақтар, тырнақ, тұяқ, сүйел, мүйіз т.б. Сүтқоректілердің түктері бірдей емес және олар сезгіш түктер (вибристер), қылшықтар және түбіттер деп бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет