Лекция кешені тақырып Кіріспе. Мақсаты


Ұшуға бейімделген сүтқоректілер



бет135/139
Дата28.01.2022
өлшемі330,48 Kb.
#130102
түріЛекция
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139
Байланысты:
лекция зоология 2021
1-4
4.Ұшуға бейімделген сүтқоректілер. Бұл топқа ормандарда тіршілік ететін қалталы ұшар, жүнқанаттылар және жарқанаттар жатады. Олардың төссүйегінде қыры болады, жарғақ қанаттары бүкіл дене бөліктеріне керіліп ұшуына мүмкіндік береді.

Сүтқоректілердің түрлі экологиялық орта жағдайларында тіршілік ететіндері әр түрлі қорекпен қоректенеді. Кей түрлері тек өсімдіктекті, кей түрлері тек жануартекті қоректермен қоректенсе, енді бір тобы өсімдіктермен де, жануарламен де қоректене береді.

Сүтқоректілердің көбеюінде де өздеріне тән қасиеттер қалыптасқан: а) іштей ұрықтану; ә) тірі туу; б) ұрпағына қамқорлық; в) ұрпағын сүтімен асырау т.б.

Сүтқоректілердің тіршілік әрекеттері жыл маусымдарына сәйкес рет-ретімен ауысып отыратын бірнеше кезеңнен тұрады: а) көбеюге дайындалуы; ә) ұрпақ беруі; б) ұрпағын емізу кезеңі; в) топ құрып тіршілік етуі; г) жыныстық жетілуі т.б.

Сүтқоректілердің кейбір түрлері қыстап шығуға ерекше дайындалады, кей түрлер қысқы ұйқыға кетеді. Сүтқоректілердің табиғатта және адам өмірінде маңызы өте зор. Олар қоректік тізбекті реттеуге қатысады. Сүтқоректі жануарлардың кейбір түрлерін адам ерте кездерден қолға үйреткен. Үй жануарларының (сүтқоректілер) өнімдері тағам, киім, дәрі-дәрмек, тыңайтқыш т.б. ретінде пайдаланылады. Көптеген сүтқоректілердің кәсіптік мәні зор. Олардың терісін, ұлпанын етін және т.б. өнімдерін адам күнделікті өмірде пайдаланады.

Сүтқоректілердің кейбір сирек кездесетін түрлері қатаң қорғалады. Арнайы қорықтарда, қорықшаларда, ұлттық саябақтарда, зоологиялық бақтарда, арнайы тәлімбақтарда қорғалады. Кәсіптік мәні бар түрлер жерсіндірілген. Мысалы, ондатра, жанат, құндыз, зубр т.б. Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) сүт-қоректілердің 40 түрі тіркелген. Елімізде сирек кездесетін сүтқо-ректілердің түрлері 10 мемлекеттік корықтарда (Ақсу-Жабағылы, Алматы, Наурызым, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл, Үстірт, Батыс Алтай, Алакөл, Қаратау) қатаң қорғалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   139




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет