Негізгі ұғымдар:
Энойма, анойма, градация, эмбрион, транмиссивті.
Негізгі сұрақтар:
Аристотель жануарларды қанша топқа бөлді?
«Клетка» ұғымын ұсынған ғалымдарды ата?
«Градация» ұғымын түсіндір.
Клетка теориясын ұсынған ғалымдарды ата?
Биогенетикалық заңды түсіндір.
«Табиғи ошақ» теориясын түсіндір.
Жануарлар әлемінің жүйесі
Мақсаты: Жануарларды ұқсастық белгісіне, арасындағы айырмашылығына қарай жүйелеу.
Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады. Жануарлар әлемінің әртүрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне, арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон «түр».
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы-туысқа жіктелінеді, жақын туыстар тобы-тұқымдасқа, жақын келетін тұқымдастар-отрядқа, отрядтар-класқа, кластар-типке біріктірілді.
Қазіргі кезде жануарлар дүниесін мынадай 24 типке бөледі:
Жануарлар патшалығы – Zoa
Патшалық тармағы қарапайымдылар немесе бірклеткалылар - Protozoa
1. Саркомастигофоралар типі-Sarcomastigophora
2. Апикомплекстер типі - Apicomplexa
3. Миксоспоридиялар типі - Myxozoa
4. Микроспоридиялар типі-Microsporа
5. Кірпікшелілер н-е Инфузориялар типі - Cilophora
6. Лабиринтулалар типі – Labirinthomorpha
7. Асцетоспоридиялар типі – Ascetospora
Патшалық тармағы Көп клеткалылар – Metazoa
Бөлім үсті Фагоцителлозоа – Phagocytellozoa
8. Тақталылар типі – Placozoa
Бөлім үсті Паразоа - Parazoa
9. Гукалар типі – Spongia
Бөлім үсті Нағыз көп клеткалылар – Eumetazoa
Бөлім сәулелі симметриялы – Radiata
10. Ішекқуыстылар типі-Coelenterata
11. Ескектілер типі-Ctenophora
Бөлім екі жақты симметриялы – Bilateria
Бөлім асты Бірінші қуыстылар - Acoelomata
12. Жалпақ құрттар типі - Plathelminthes
13. Немертиналар типі - Nemertini
14. Жұмыр құрттар типі - Nemathelminthes
Бөлім асты Целом қуыстылар -Сoelomata
15. Буылтық құрттар типі - Annelida
16. Буынаяқтылар типі - Arthropoda
17. Онихофоралар типі - Onychophora
18. Моллюскалар н-е жұмсақ денелілер типі - Mollusca
19. Қармалауыштар типі - Tentaculata
20. Тікентерілер типі - Echinodermata
21. Погонофоралар типі - Pogonophora
22. Қылтанжақтылар типі - Chaetognatha
23. Жартылай хордалылар типі - Hemichordata
24. Хордалылар типі - Chordata
Жануарлар типтерін даму ерекшеліктеріне, денесінің құрылым айырмашылығына, зерттеу әдістеріне қарай 2 бөлімге бөлінеді. Бірінші типтен бастап 24-ші типке дейінгі- омыртқасыз жануарлар, ал 24-ші хордалылар типі- омыртқалы жануарлар.
Жануарлар дүниесінің типтерден жоғары ірі топтарға жіктеледі. Типтерді топтастыру- олардың ортақ құрылымын, деңгейін, арасындағы морфофизиологиялық, филогенетикалық байлпаныстарын көрсетеді.
Көп клеткалылар үлкен үш бөлім үсті топқа бөлінеді: Фагоцителлозоа- Phagocytellozoa, алғашқы қарапайым көп клеткалылар. Бұл топқа тақталылар - Placozoa типі жатады. Екінші бөлім үсті төменгі сатыдағы көп клеткалылар - Parazoa. Оларда мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары болмайды. Бұл топқа губкалар- Spongia типі жатады. Үшінші бөлім үсті нағыз көп клеткалылар - Eumetazoa. Денелері екі немесе үш қабаттан тұрады, мүшелері, тканьдері, нерв клеткалары, нерв жүйесі жақсы дамыған. Eumetazoa тобындағы жануарлар мүшелерінің белгілі тәртіпте орналасуна немесе дене симметриясына байланысты екі үлкен бөлімге бөлінеді: сәулелі - Radiata және екі жақты немесе билатеральды симметриялы жануарлар - Bilaterata.
Биллатеральды симметрия немесе екі жақты симметрия жануарлардың үнемі алға қарай жорғалап, жылжып жүруіне байланысты пайда болған.
Целом қуыстарының бар болуына немесе жоқ болуына байланысты, биллатеральды симметриялы, үш қабатты жануарлар, қуыссыздар немесе бірінші қуыстылар - Acoelomata және целом қуыстыларға – Coelomata бөлінеді. Acoelomata тобына төменгі сатыдағы құрттардың үш типі жатады: Plathelminthes, Nemertini, Nemathelminthes, ал Coelomata тобына қалған типтердің барлығы кіреді.
Алғашқы реттік ауыздыларға: жалпақ құртар, жұмыр құрттар, немертиндер, буылтық құрттар, буынаяқтылар, онихофоралар және моллюскалар типтері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |