Лекция «кіріспе. Ерте ортағасырлар тарихы»


ХІҮ-ХҮ ғғ. Чехия. Гусшілдер қозғалысы



бет21/44
Дата03.06.2022
өлшемі142,65 Kb.
#145820
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
e. Ортағасырлар тарихы-лекция (1)

ХІҮ-ХҮ ғғ. Чехия. Гусшілдер қозғалысы. Х – ХІ ғасырларда қалыптасқан Чех корольдығы ХІІ – ХІІІ ғасырларда Европадағы дамыған мемлекеттердің бірі болды. ХІІ – ХІІІ ғасырларда Чех корольдары мен пандары өздерінің иеліктеріне неміс қолөнершілері мен шаруаларын молынан шақырып отырды. Сондай–ақ, Чех корольдары қызметке неміс феодалдарында шақырды. Неміс монастырларыда бұл науқаннан қалыс қалған жоқ. Чехиядағы немістердің қоныстануы басқа славян елдеріндегі отарлаудан ерекшеленді. Дамыған Чех мемлекеттілігімен кездескен неміс отаршылдары мұнда бірте – бірте, жүйелі түрде “бейбіт” жолмен қоныс аударды. Олардың есебінен чех пандары мол пайдаға кенеліп отырды. Алайда, уақыттың өтуімен Чех мемлекеті Герман империясы жүйесіне кіріп отарлық жағдайда қалды. Ұлттық езгіге ұшырады. Чех корольдары императордың вассалы болды.
Чехиядағы әлеуметтік қайшылықтар ұлттық форма да ала бастады. Чех шаруалары мен қол өнершілері, сондай – ақ, күйзелген рыцарлары үшін үстем таптың өкілдері негізінен немістер болды. Алайда, Чехияда тағы бір үлкен қайшылық- католик шіркеуінің чех қоғамындағы айрықша орнына байланысты болды. Жүз жылдық соғыс кезінде рим папалары негізгі алым салықтың салмағын Германия мен Чехияға аударған еді. Чехия айрықша көп төлеуге тиісті болды. Индулгенция мен сауда, нақ Чехияда айрықша кең құлаш жайды. Оның үстіне дін басыларының көпшілігі де немістер еді. Сондықтан, ХҮ – ғасырдың бірінші жартысында Чехияда болған халық бұқарасының әлеуметтік құрамыда алуан түрлі болды.
Чех қоғамы алдыңғы қатарлы өкілдерінің ұлттық және діни – реформаторлық көңіл күйін білдіруші Прага университетінің профессоры, священник Ян Гус болды (1369 – 1415). Ян Густің шіркеу және әлеуметтік – саяси көзқарастары едәуір дәрежеде ағылшын реформаторы Джон Виклефтің ықпалымен қалыптасты. Алайда, кейбір мәселелер бойынша Ян Гус Джон Виклефтенде асып түсті. Гус индулгенциямен саудаға батыл қарсы шықты, католик шіркеуі иелерінің моральдық азғындалуын қатаң сынады. Шіркеу жерлерін секуляризациялауды талап етті. Ян Густің қызметі Прага архиепископы, одан қалды Рим папасының зығырданын қайнатты. Ол университеттен 1412 жылы қуылды. Біраз уақыт деревняда халықтың арасында жүрді. 1414 -жылы Ян Гус Констанца қаласы соборына сотқа шақырылып күпір ретінде 1415 жылы отқа өртелді.
Бұған жауап ретінде Чех қоғамы көтеріліске шықты. 1419 жылдың 30 – шілдесінде Прагада көтеріліс басталып, гусшілдер қозғалысына қалалықтарда қосылды. Көтерілістің басында Прага священнигі Ян Желивский тұрды. Көтерілісшілер король Вацлавты елден қашуға мәжбүр етті. Вацлов көп ұзамай қайтыс болды. 1419- жылдың тамызынан бастап, Чехия Германиямен байланысын үзді. Ұлы Чех шаруаларының соғысы басталды (1419 – 1434). Алғашқы уақыттан бастап – ақ, шаруалар қозғалысының екі қанаты пайда болды: біріншісі, салқынқанды сабырлы қанаты – “ыдысшылар” (яғни, нан мен виномен шоқынуды жақтайтындар, вино ыдыспен ішіледі -чаша). Оған пандардың бір бөлігі, рыцарлар мен қалалықтар кірді, екіншісі, радикальды демократиялық қанаты – табориттер (әскери лагерьдің аты). Оның құрамында негізінен күйзелген рыцарлар, шаруалар мен қолөнершілер болды.
1433 жылы Прагада компромистік келісімге қол қойылып, ол тарихта “Прага компактаты”деген атпен қалды. Бұдан кейін ыдысшылар күресті тоқтатты. 1434 жылғы табориттер жеңілген соңғы шайқаста ыдысшылар император әскері жағында соғысты. Чехия қайтадан Герман империясы жүйесіне кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет