Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері



бет10/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Лекция 7,8.
Тіл мүкістерін талдау принциптері.
Тіл мүкістерінің клиникалық және психологиялық-педагогикалық классификациясы.
ТІЛ КЕМІСТІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ.
ТІЛ КЕМІСТІКТЕРІН ТОПТАСТЫРУ

Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз. Қатынас теориясының көзқарасында тіл кемістігі ауызша сөйлеу қатынасының бұзылуы болып есептеледі.


Сонымен сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:

  1. өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;

  2. сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;

  3. оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді;

  4. баланың одан әрі дамуына жағымсыз әсерін жиі тигізеді;

  5. тіл білмейтіндік-диалектизм-тіл кемістігі болып саналмайды;

  6. сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизмінің ақаулықтарымен байланысты.

Аталған ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді. Логопедия «сөйлеу тілінің жетілмеуі», «сөйлеу тілінің бұзылуы», «тіл кемістігі» деген ұғымдар кездеседі.
Сөйлеу қабілетінің немесе сөйлеу жүйесінің құрамдарының төмен деңгейде қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады.
Сөйлеу тілі құрамының әртүрлі бөлімдерінің сөздік қоры, грамматикалық құрылысының мөлшерден ауытқуы және тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, ойлау қабілеттерін атқара алмауы тіл кемістіктері деп саналады. Әрине, ол ауытқулар әрқалай және әртүрлі мөлшерде кездесуі мүмкін. Сөйлеуші кейде тек бір дыбысты бұзып айтуы немесе мүлдем айта алмауы мүмкін. Мысалы, «қарға-қааға», «қарға-қалға». Әрине, мұндай жағдайда тіл өзінің негізгі функциясын жоғалпайды, дегенмен кейбір жағдайда ыңғайсыздық туғызуы мүмкін. Жеңіл тіл кемістіктері бар адамдар актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеуіне бөгет келтіреді. Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз.
Баланың сөйлеу тілі патологиясына негізгі себептері:

  1. әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді, сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін;

  2. босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттегі жетіспеуі);

  3. өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;

  4. бас сүйегінің жарақаттануы;

  5. тұқым қуалаушылық факторлар;

  6. әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы.

Жоғарыда атап өтілген себептер өзгешеліктеріне қарай табиғи және функционалды болып екі түрге бөлінуі мүмкін.
Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдеріндегі тіл механизмдері анатомо-физиология құрылысының қатты бұзылуынан болатын себепті айтады. Функционалды себептерге анатомо-физиология құрылысы әдеттегі күйінше сақталып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады.
Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады.
а) табиғи тіл кемістіктері (органикалық);
б) функционалды тіл кемістіктері.
Табиғи тіл кемістіктері зақымды жайылтпайтындығына байланысты:
а) тілдің табиғи бұзылуы орталықтан пайда болуы
б) тілдің табиғи бұзылуы шеткеріден пайда болуы деп бөлінеді.
Біріншісіне, бас ми қабығында орналасқан тіл механизмдерінің орталық тарауларының табиғи бұзылуының нәтижесінде пайда болған кемістік жатады.
Тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуына алалия, афазия, сонымен бірге тіл мүкістіктернің кейбір түрлері жатады.
Логопедия ғылымында осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі-жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде кездесуі. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Бұның қиындығы сонда, егер тіл кемістігінің бір түрі бірнеше себептерінің салдарынан болса, керісінше бір себептің салдарынан тіл кемістігінің бірнеше түрі пайда болуы мүмкін. Мысалы, дыбыс шығару кемшілігі шеттегі сөйлеу мүшелерінің дұрыс жұмыс істемеуінен, немесе есту қабілетінің бұзылуынан, жоғарғы дәрежедегі акустикалық талдау мен жинақтау функцияларының жетілмеуінен т.б. себептердің әсерінен болуы мүмкін.
Көп жылдар бойы логопедияда тіл кемістіктерін клиникалық негізде топтастыру кең орын алып келеді. (М.Е. Хватцев, Ф.А. Рау, О.В.Правдина, С.С.Ляпидевский, Б.М.Гришнин т.б.). Клиникалық топтастыру тіл кемістіктерінің себептері мен белгілерінің негізінде жасалған. Бұл классификация бойынша сөйлеудің түріне байланысты ауызша және жазбаша тіл кемістіктері болып екі топқа бөлінеді. Ауызша сөйлеу кемістіктерінің екі түрі болады:

  1. тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы;

  2. сөйлеу тілінің құрылымдарын іштей жинақтап, мәнді түрде ауызша жеткізу қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі.

Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп кездесуі мүмкін. Соған байланысты олар логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет