Лекция Кіріспе. Логопедияның пәні, мақсаты, принциптері мен әдістері



бет12/60
Дата08.02.2022
өлшемі159,9 Kb.
#119071
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
Байланысты:
1 мамыр, 1 мамыр, [Template] Тапсырма1.1 тест, [Template] Тапсырма1.1 тест, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі. (1), -987683380, селен элемент – Google Поиск, ДО РЕ МИ, АБ 1 көркем еңбек Жеңісбек Гүлина, Үздік ұстаз-ғибратты үлгі, Topiq показательные уроки ЭУ,
Дисфония (афония) – дауыс шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеру себептерінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, вокальдың бұзылуы. Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады, фоноцияның мүлдем бұзылуы (афония) немесе дауыс шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап бәсең шығуы (фоностения).
Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының (зонасының) жастайынан зақымданудың әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы. Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау.
Афазия – сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Сөйлеу тілінің жойылуы, жоғалуы. Ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекция, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады. Егер де мұндай бұзылу үш жасқа дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды.
Жазбаша тілдің бұзылуы. Бұзылу түріне баиланысты екі топқа бөлінеді:

  1. Дислексия- оқу процесінің жартылай бұзылуы.

  2. Дисграфия- жазу процесінің жартылай бұзылуы. Оқу барысынд

жазу процесі мүлдем қалыптаспаған, оны аграфия деп айтады.
Қазіргі уақытта арнайы логопедиялық мекемелерге балаларды іріктеп жинақтаудың және жалпы жұмыс барысында пайдалы ықпал жасаудың негізі ретінде сөйлеу тілі кемістіктерін психалогия-педагогикалық жолмен топтастыруды қолданады.
Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның бірыңғай педагогикалық амалды жүзеге асыруға маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуы екі топқа бөлінеді:
Бірінші топ- қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетика-фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы /немесе жалпы тіл кемістігі/ сөйлеу тілі жүйесінің дыбыс шығару және мағына жағына қарасақ барлық бөліктерінің компоненттерінің / бұзылуынан болатын әртүрлі тіл кемістіктері.
Бұл дамымау сөйлеу тілінің бүтіндей жоқ болуынан толық дамуына дейінгі дәрежеде байқалуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.
Екінші топ- қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы. Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістік те болуы мүмкін.
Клиникалық және психолого-педагогикалық топтастырулар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше өзара бірін-бірі толықтырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет