ТҰТЫҒАТЫН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан тексеруді жан-жақты, комплексті жүргізу қажет. Олар медициналық, логопедиялық және психологиялық.
Медициналық тексеруді дәрігер рсихоневролог немесе невропотолог жүргізеді. Мұнда баланың туған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерді анықтайды.
Сөйлеу тілінің дамуына қосалқы әмер ететін баланың ішкі дамуында жағымсыз фактілер жиі байқалады. Дәрігер сол сияқты тұтығудың табиғатын анықтайды. Олар функционалды және органикалық болып бөлінеді.
Логопедиялық тексеру мынадай бағытта жүргізіледі.
1. Тұтығудың себептері мен түрін анықтау /түрі, дәрежесі, ілеспелі қимыл-қозғалыстың болуы, болмауы, логофобия, тұтығудың барысы/.
2. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау /баяулығы, шапшаңдығы, секіріс түріндегісі/. Логопед сөйлеу жылдамдығының шапшаңдығына баса көңіл бөледі, өйткені оны түзету кейін қиынға түседі. Мұндай жағдайда баланың семьясында үлкен адамдардың өте тез сөйлейтіндігі жиі байқалады. Логопед ата-аналармен тиісті әңгіме өткізу үшін арнайы жазылым /запись/ жасауы керек.
3. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолмен ісетуіне тиым салғаны, оң қолымен істеуге үйрету туралы мғлұмат алуға болады.
4. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру.
5. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу: оның алғашқы сөзі қашан пайда болды, қай уақыттан бастап сөйлей бастады, одан әрі даму қалай болды т.б.
6. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу: жақындарының ішінде сөйлеу кемістігі бар адамдар бар ма, жанұясындағы екі тілде сөйлейтіндер бар ма, айналасындағылардың сөйлеу жылдамдығы қандай, тұтығатын үлкендер немесе балалармен /байланыс/ қарым-қатынаста болды ма т.б. анықтау қажет.
7. Жанұядағы қарым-қатынас сипаты /баланы шектен тыс еркелету немесе керісінше қатал ұстау, бірде аймалап, бірде жазалап бірде рұқсатетпей, бірде еркіндік беру, бірде ұрыс сияқты жағдайларға көңіл аудару/. Егер логопед бала тәрбиесіндегі жетіспеушілікті анйқтайтын болса, онда әрі қарай үлкендердің баламен қарым-қатынас дұрыстауға ықпал етуіне тура келеді.
8. Семья жағдайымен танысу; /ұрыс-керіс, келіспеушлік жоқ па. Бала оған қалай қарайды/.
9. Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау. Ата-анасының тұтығудың пайда болуы мен күшеюін қандай жағдаймен байланыстыратынын білу. Тырысудың формасын, орнын, жиілігін анықтау. Сөйлеу қабілетінің сақталуы.
10. Тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу /тұтығу кедергі жасай ма, қинай ма немесе оны өзі аңғармай ма, сөйлеудің тоқталуынан қорқа ма, әлде көңіл аудармай ма/.
11. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы. Егер осы кемшілітер табыла қалса, артикуляциялық аппаратының органдарының қозғалысы мен құрылысын қосымша тексеру қажет, сол сияқты барлық фонемалар кемшілігі мен фонематикалық қабылдауын анықтау.
12. Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу /оның сөздік қоры жасына сәйкес пе, грамматикалық қатарының дәрежесі жеткілікті қалыптасқан ба/.