ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПРИЦИПТЕРІ Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұтығуын түзету қажеттігі. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысынада жеңіл түрде болады, бірақ жеңіл де әрең байқалатын тұтығуы бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады және жақсы оқуына жиі кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек.
Бірақ бұндай көзқарас жақын арада ғана қалыптаса бастады. 1930-шы жылға дейін СССР – де логопедиялық көмек тек жеткіншектер мен үлкендерге ғана көрсетілір келген. Балалар психиатры мен педиатр баланың жас кезінде тұтығуға көңіл аударудың қажеті жоқ, тек емдеу, сақтандыру шараларын баланы балалар коллективінен бөлу /жүргізу ғана қажет деп келді/.
1930 жылдардағы бұл көзқарас бекреге шығарылды. Тұтығуды мектепке дейінгі кезеңде түзетудің алғаш рет негізін алып, дамытқан Б.А.Гиляровский болды. Ол тұтығудан айықтыру жұмыстарын жүргізетін арнайы балалар мекемелері, балалар алаңы немесе жартылай стационар болуы керек деп пайымдаған.
1931 жылы Москвада тұтығатын балалар үшін бала-бақша ашылды. Онда Е.Ф.Роу логопедиялық жұмыстар жүргізуді және Н.А. Власова жұмыс істеді. 1932 жылы Санкт-Петербургте ұзартылған күн топтары ұйымдастырылды. Онда М.Ф. Брунс жас балалардың тұтығуын түзетумен айналысты.