Лекцияның мазмұны: Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет - XIV ғ. аяғында XV ғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бүл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекетгері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балкан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Түңгыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бүл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман бодды. Саясат саласында - тәуелсіздік үшін күрес заманы бодды.
«Қайта жаңғыру» термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордано Базари (1512-1574) өзінің «Жизнеописание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих» (XVI ғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған. Қайта өрлеу атауы адам тәні мен жанының сұлулығын жоғары бағалаған, дін үстемдігінде болмаған антикалық қазынаны қайта өрлету мақсатында туындады. Қайта өрлеу мәдениетінің пайда болуына себеп болған шарттар:
1. Еңбек құралдары мен өндірістік қатынастың жетілуі
2. Феодализмнің дағдарысқа ұшырай бастауы
3. Кәсіптік сауданың дамуы
4. Қалалардың күшейіп, шіркеуге, тәуелсіз сауда кәсіптік, әскери, мәдени, саяси орталыққа айналуы
5. Ұлы географиялық жаңалықтардың өмірге келуі
6. Білімнің жоғарғы деңгейге көтерілуі
7. Ғылыми-технологиялық жаңалықтардың ашылуы
8. Астрономияның дамуы
Италиядағы қайта өрлеу жеке адамның мақсаттары мен ұғынуының қорытындысы іспеттес болды. Қайта өрлеу терминін алғаш рет қолданған белгілі суретші Джорджо Возари еді, бірақ ол антикалық дәуірдің қайта тууы деген мағынада берген еді.
Гуманизм қайта өрлеу мәдениетінің принципі және кең қоғамдық бағыт ретінде антропоцентристік көзқарасқа негізделді де, барлық идеологиялық өрістерде жаңа орталық -құдіретті және таңғажайып тұлға орталығы калыптасты. Жаңа көзқарастың негізін орта ғасырдың соңғы, жаңа дәуірдің алғашкы ақыны Данте Алигьери қалады. Данте жасаған «Құдіретті комедиясы» поәзияның, философияның. теологияның, ғылымның қорытпасы болады да, сонымен қатар ортағасырлық мәдениеттің қорытындысы және қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің жаңа қадамы іспеттес болды.
Егер діни поәзия бүкіл пәнидің махаббатынан бас тартуға шақырса, ал куртуаздық поәзия керісінше, бұл пәнидің махаббат бейнесін сақтай отырып, оны жоғарылатып рухтандырады да, бірақ сезімдік қабылдауды құдайдың қарекетінің жетістігі деп түсіндіреді. Қайта ерлеу мәдениеті озінің қалыптасуы барысында басқа мәдениеттердің типтеріне, басқа дәуірлерге дегендегі өзінің қатынасын анықтады. Антикалық мәдениетке назар аудару Ренесанс мәдениетінің маңызды ерекшеліктерінің бірі болып есептелінеді. Антропоцентризм және әсемдікті дәріптеу, адамның үйлесімді дамуы әсіресе еуропалық гуманизмге жақын тұрды. Ренесанс кезеңінде адамның антикалық идеалы, сұлулықты әлемдік үйлесім ретінде түсінуі қайта туындады және онердің пластикалық түрлерінің шынилық түрі дүниеге қайта оралды. Ортағасырлық схоластық қүрылымға қарағанда ерте дүниенің тәжірибелік болмыстың дүние қабылдауы әрі тартымды, әрі әралуан , әрі жеңіл болды.
Жалпы Италияда қалыптасқан қайта орлеу мәдениеті тарихи тұрғыда төрт кезеңге болінеді:
1. Проторенессанс - ең бастапқы қайта өрлеудің алдыңғы кезеңі. Негізінен XIII-XIVff екінші жартысын жатқызды.
2. Ілгергі қайта өрлеу - XVf.
3. Жоғарғы қайта өрлеу - XVf. соңы, XVIf. алғашқы 1/3 бөлігі.
4. Бергі қайта өрлеу - XVIf. соңы.
Проторенессанс ортағасырлық, романдық, готикалық, византиялық дәстүрлермен тығыз байланысты болды да, қайта өрлеуге дайындық кезеңі еді. Жаңа дәуірге өтудің бастамасын Джатто ди Бондоне есімімен байланыстырады. Джоттоның даму жолы өзі • белгілегендей шынилық сәттерді көбейту, діни апаттарды зиялылық мазмұнымен толықтыра отырып, жазықтықтан бірте-бірте көлемдік және рельефтік бейнелеулерге өту арқылы болды және қайта өрлеу дәуіріне жол ашты.
Ілгергі қайта өрлеудің шеберлері: Ф.Брунеллески, С.Боттичелли. Бүл кезеңдегі көркем сурет мүсіндік әсер қалдырды, ал суретшілердің картиналарындағы кескіндер мүсіндерді еске түсірді. XVr. суретшілері перспектива заңдылықтарын аша отырып, көп фигуралы композицияларды құра бастады.
Ілгергі қайта өрлеуге тән геометризм Жоғарғы Ренессанста аяқталмайды, қайта тереңдей түседі. Бірақ оған жаңалықтар қосылды: рухтанғандық, психологизм, адамның ішкі дүниесін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын, темпераментін беруге тырысты. Бүл дәуірдегі өнер үш суретшіден толығырақ көрініс тапты: Леонардо да Винчи, Рафаәль, Микеланджело.
Бергі ренессанс түсінігі әдетте венециандық қайта өрлеуге қатысты пайдаланылды. Венецияның жоғарғы және бергі қайта өрлеу шеберлеріне Джорджоне, Тициан, Веронезе, Тинтеретто жатады. Солтүстік Ренессанс итальяндық Ренессансқа қарағанда бір ғасыр кейін орын тебе бастаған. Бұл мәдени орталықтың негізгі қалалары: Антварпен, Нюрнберг, Аусбург, Галле. Бертін келе Амстердам осы қатарға қосылды.
Дюрер дәуірі онның керемет гүлденуінің кезеңі болды. Осы кездегі ұлы шеберлердің ішінде нидерландтық Хиеронимус Босхты айтуға болады. Сондай-ақ, Аукас Кранах Старший мен Матис Нитхардтың шығармаларын да аталмыш дәуірдің жетістіктерінен бөліп тастауға болмайды.
Жаңа заман (XVII-XIXrr) Еуропа мәдениетінің дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Бұл дәуірдің әрбір ғасыры тарихи оқиғалар мен мәдени төңкерістерге толы.
Жаңа заман - өркениеттің дамып, қоғамның түбегейлі өзгерген дәуірі. Ал енді жаңа замандағы мәдениеттің дамуы жағдайына келер болсақ, бұл мәдениетті төмендегіше бөліп қарастыруға болады:
1. Рационализм ғасырының мәдениеті (XVIIғ.)
2. Ағартушылық ғасырының мәдениеті (XVIIIғ.)
3. Классика ғасырының мәдениеті (ХІХғ.)
Жаңа заман мәдениетінде ХІХғ. мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бүл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен катар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары ұлы ойшылдар: О.Шпенглер, И.Хейзинг, Х.Ортега-и Гассет және т.б. ХІХғ. мәдениеті бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты. Олар: рационализм, сциентизм, антропоцентризм, еуроцентризм және т.б. Еуропа мәдениетінің тағдырына дәуірдің үш ұлы оқиғасы: Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі, Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі және Ұлы Француз революциясы ерекше ықпал етті. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым, индустрияландыру.
Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Нақты өмірмен қиялдағы өмірді салыстыра отырып карау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамды сынай отырып, бүл ортадан безіне қашады. Романтиктердің көзқарасы бойынша, ақыл-ой немесе адамныц санасы арқылы тарихи болашақты, оның бүралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса, таным процесінің басты көздерінің бірі - жүректің үні, интуиция болып табылады.
Романтизммен катар, ХІХғ. ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастары белең алумен тығыз байланыста болды. Реалистер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері өте жақын болды. Бірақ «болмыстан қашқан романтиктерге» қарағанда «сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты.
ХІХғ. 50ж. Еуропа өнері декоданс дәуірін басынан кешірді. Декоданс (құлдырау) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды.
Дәуір тынысын терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген, дүниені ғылыми тұрғыдан танып-білуге бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарының айналадағы дүниеге, болмысқа жақын болуға тырысушылығы бүларды да дагдарысқа әкеліп тіреді. Жинақылық пен сақтық танытқан «символизм» ағымы тоқырау қаупін сезіне алганымен, қоғам тудырған келеңсіз көріністерге қарсылық көрсете алмай дәрменсіздік танытты.
Сонымен жалпы қорытындылай келгенде, егер антикалық және ортағасырлық мәдениеттен рухани құндылықтардың бірінші қатарда тұрғанын көрсек, жаңа заман адам өмірінің мәні мен мақсаттарын мүлдем басқа бағыттарға бөлді. Бұл кезде техникалық ресурстарды толық пайдалану арқылы адамның барлық талап-мүқтаждарын етейтін дәулетті қоғам қүру осы өркениеттің негізгі мұраты деп жарияланды. Жаңа заман мәдениетінің өзіне тән мынадай белгілері болды:
1. табиғат - субъектінің әрекеті бағытталған объект;
2. қоғамдық өмірдің шешуші саласы экономикаға, материалдық өндіріске ауысты, «экономикалық адам» қалыптасты;
3. ғылымда алдыңгы қатарга жаратылыстану ғылымдары (механика, математика, физика, биология) шықты;
4. салт-дәстүрлік, діни сананың орнын әлеуметтану мен кұқықтық принциптер ауыстырды;
5. өнер, мәдениет, дін, әдебиетте утилитарлық бағыттар үстемдік алды.
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпыадамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.
XX ғ-да адамның мәдени құндылықтарды игеру бағытында, жалпы адамзаттық біртұтас негіздердің қалыптасуында айтарлықтай өзгерістер болды, ал олар өз кезегінде жанұяға деген көзқарастың өзгеруіне, адамның жан-жақты қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін алғашқы әлеуметтік ұжымға тікелей байланысты болды. Дәстүрлі неке институты өзгеріп, жаңа жанұя мүлде жаңаша мазмұнға ие болды
Мәдениеттің біртұтас дамуы – қарама-қайшылықтарға толы процесс болды. XX ғ. дүниежүзілік мәдениеттің қалыптасуына ұлттық мәдениеттердің өркендеуі жолындағы қуатты қозғалыстарымен қабаттас келді. Қазіргі кезеңде мәдениетке “еуроцентристік көзқарастың” шектеулі екендігіне көзімізді жеткізіп отырмыз. “Техногендік еуропа мәдениеті” ерекше дәріптеліп оны ұлттық және аймақтық мәдениеттерге негіз етіп көрсетілді.
Достарыңызбен бөлісу: |