V1 және V2 – экрандау кезінде және көру аймағында жарық көздерінің болуы кезінде ажырату объектісінің көрінуі. Жарық көздерін экрандау қалқандардың, күнқағарлардың және т. б. көмегімен жүзеге асырылады.
Өндірістік зақымданудың сараптамасы жылдың жарық мезгілінде, қалыпты жағдайда өндірістегі зақымдану едәуір төмендейтінін көрсетеді. Көшенің жарығы жол апаттарының санын 20-30 %-ға азайтады. Табиғи жарықтандыру жетіспеген жағдайда аралас (табиғи және жасанды) жарықтандыруды қолдануға болады. Бұл гигиеналық тұрғыдан дұрыс.
Өндірістік ғимараттарды жарықтандырудың келесі тәсілдері бар: табиғи, жасанды және аралас. Табиғи жарықтандыру адамдардың үнемі болатын өндірістік ғимараттарда қолданылуы керек. Табиғи жарықтандыру қабырғалық, төбелік, аралас (төбелік және қабырғалық) болып бөлінеді.
Бөлменің кез келген нүктесінің табиғи жарықтандырылуы табиғи жарықтандыру коэффициентімен (ТЖК) сипатталады, себебі табиғи жарықпен жарықтандыру күннің бұлттануына байланысты тәулік, жыл бойына тұрақты емес. ТЖК – ашық аспандағы диффузиялық жарықтан пайда болатын, табиғи жарықтанудың (бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың кейбір нүктесіндегі) сыртқы жарықтанудың сол кездегі мәніне пайыздық қатынасы.
мұнда, е – табиғи жарықтандыру коэффиценті (%); Еішкі – аспан жарығымен бөлме ішіндегі берілген жазықтықтықтың кейбір нүктесіндегі табиғи жарықтануы, (лк); Есырт – толық ашық аспан жарығынан пайда болатын көлденең жазықтықтың сыртқы жарықтануы, (лк).
Табиғи жарықтандыруда жарық ойықтарының қажетті ауданы [м 2 ]
Оңтайлы жұмыс жағдайларын жасау және адамдардың қауіпсіз өтуі мен көлік қозғалысы үшін барлық өндірістік үй-жайларда жұмыс жарығын орнату міндетті.
Қауіпсіздікті жарықтандыру жоғары өрт қаупі, жарақат алу, улану қаупі және т. б. бар үй-жайларда жұмыс жарығын авариялық ажырату кезінде жұмысты жалғастыру үшін көзделеді.
Эвакуациялық жарықтандыру авария кезінде адамдарды өндірістік үй-жайдан немесе ғимараттан тыс жерлерде жұмыс жүргізу орындарынан эвакуациялауды қамтамасыз етуге арналады.