4-ші дәрістің тақырыбы: Еңбек жағдайлары және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптар. Химиялық қауіпті заттардың ағзаға әсері
Дәріс конспектісі. Адам ағзасына тыныс алу жолдары, ішек жолдары және тері қабаттары арқылы енетін зиянды заттар оның тіршілік әрекетін бұзады және оны улы және токсиндік заттар деп атаймыз. (ГОСТ 12.1007-76).
Жұмыс ауасындағы зиянды заттардың ақырғы шекті концентрациясы күнделікті 8 сағаттық жұмыста немесе жалғасыммен аптасына 41 сағаттан кем емес жұмыс стажында қазіргі заманғы зерттеу бойынша ауру туғызып және денсаулығына зиян келтіре қоймайтын концентрация. (ҚНжЕ № 1.02.011-94 “Жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың АШК”.
Зиянды заттардың адам ағзасына әсер ету дәрежесі мен сипаты бойынша жіктелуі. ГОСТ 12.0.003 – 74 ССБТ сай келеді. Қауіпті жене зиянды өндірістік фокторларды жіктеу. Зиянды заттар адам ағзасына әсер етуіне қарай алты топқа бөлінеді.
Зиянды заттар ГОСТ (МЕСТ)12.1.007-76 ССБТ қатысты болады. Жіктелуімен қауіпсіздік талаптары бойынша зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуіне қауіптілігіне қарай 4 класқа бөлінеді:
1 – кесте.
Зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі бойынша жіктелуі
Ішкі
топ
|
Факторлар мен зат атаулары
|
Улану белгілері
|
1
|
Жалпы токсиндік (иісті көмірсутегілер, олардың амидо мен нитро туындылары - бензол, толуолдар, ксилол, анилин, т.б.; сынапты және фосфорлы-органикалық қосылыстар; хлорланған көмірсутегілер-дихлорэтан, т.б.).
|
Жүйке жүйесі құруы,
бұлшық еттер сіңірі
түйілуі.
|
2
|
Қоздырғыштар (қышқылдар мен сілтілер, хлор, фторлы, күкірт пен азотты қосылыстар, фосген, аммиак, күкірт пен азот тотықтары, күкіртсутегі, т.б.).
|
Демалу мүшелері, тері, көздің шылау қабық-тарының қабынуы.
|
3
|
Сенсибилизациялаушы (сынаптың кейбір қосылыстары, платина, альдегидтер, т. б.).
|
Бұған жоғарғы сезімталдық, тері өзгерістері, қан аурулары, астма көріністері.
|
4
|
Канцерогенді (полициклді иісті көмір-сутегілер— бензонирендер, бензантрацендер; тас-көмір аударыстыру мен мұнайды қайта өңдеу өнімдері; иісті аминдер, асбест шаңы, т.б.).
|
Жаман сапалы ісіктер дамуы.
|
5
|
Мутогендер (этиленамин, уретан, органикалық тотықтар, иприт, этилен тотығы, формальдегид, гидроксидаман).
|
Ағзаның түйнек пен соматикалы торларының генетикалық аппаратына кесел тиюі.
|
6
|
Репродуктивті (қайта өндіру) функцияға әсер етушілер (бензол мен оның туындылары, күкірткөміртегі, хлоропрен, қорғасын, сүрме, марганец, улы химикаттар, никотин, этилен-амин, сынапты қосылыстар, т.б.).
|
Ұрпақтың ұдайы өсуі
Функциясының төмен-деуі.
|
1) төтенше қауіпті заттар (бензопирендер, сынап, қорғасын, озон, фосген, гексохлоран, гидразин, хлордың екі тотығы, бромды метил, никель карбонилі т.б.);
2) жоғары қауіпті заттар (азот тотықтары, бензол, йод, марганец,
жез, хлор, күкіртсутегі, ащы сілтілер, күкірт және тұз қыш-қылдары, кобальт пен оның тотығы, т.б.);
3) біріңғай қауіпті заттар (ацетон, ксилол, күкірт ангидрид, метил спирті, фенол, толуол);
4) қауіптілігі аз заттар (аммиак, жанармай, сода, скипидар, этил спирті, көміртегі тотығы, т.б.).
Зиянды газдар мен булардың ағзаға әсер етуін гигиеналық бағалау. Уланудың қандай да болсын нұсқасында зиянды заттардың (33) әсер ету түрі мен дәрежесі олардың физиологиялық белсенділігімен (улылығымен) және шоғырлануымен (дозамен) алдын ала анықталады. Сондықтан жұмыс зонасы ауасындағы қауіпті зиянды заттардың токсиндік класын бағалауда, гигиеналық көрсеткіштердің ақырғы шекті концентрациясын қабылдаймыз. Оны жергілікті жердің ауасындағы токсиндік заттардың АШК-мен араластыруымызға болмайды. Ол АШК-ға қарағанда біршама төмен және екі мағынада болады: максимальды-ретті және орташа-тәуліктік коцентрация.
Кәсіби уланулар профилактикасының шаралары:
Кәсіби уланулар профилактикасының негізгі шараларына келесі жатады:
1. Өндірістің озат технологиясын қолдану (жабық цикл, автоматтандыру мен жалпы механизация, қашықтан басқару, өндіріс процестерінің үзілмеуі, операцияларды автоматты бақылау), ол адамның зиянды заттармен жанасуын шетке шығарады.
2. Дұрыс технологиялық процесстерде 33 мөлшерінің МШШ-нан аса-тын санға бөлінуіне жол бермейтін жабдықтар мен коммуникацияларды таңдау.
3.Өндіріс алаңдарын, ғимараттар мен мәдени орындарды және жабдықтарды ұтымды жобалау.
4.ЗЗ улану мен пайдаға шығару жағынан, оларды кері қайтару
мен технологиялық тастауларды олардан тазалау, өндіріс ауытқуларын бірдей жаққа шығару жағынан арнайы жүйелерді қолдану.
5.Бастапқы өнімдердегі зиянды заттар мағынасын шектеу және көп зиянды
заттарды қауіптілігі аз заттарға ауыстыру.
7. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен алғашқы медициналық көмек көрсету тұралы нұсқау беру және ұйрету.
8. Кезеңді және алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізу.
9. Санитарлы - техникалық жабдықтармен құрылымдарды дұрыс жобалау мен жұмсау (жылыту, желдету, канализациялау т.б.).
Жұмыс зонасы ауасы жағдайын бақылау әдістері.
Әрбір өндірістік ғимаратта жұмыс зонасы ауасындағы зиянды газдар, булар және шаңдардың құрамына жүйелік бақылау жүргізеді. Бұл жердің ауасы санитарлық органдардың надзоры бойынша анықталады. Барлық бақылау құралдары 30 минут көлемінде зиянды заттар құрамының АШК 0,5 болуы керек; өлшеудің дәлдігі шамамен ±10%; өлшеудің максимальды қателігі ±25%-тен жоғарыламауы керек.
Барлық ауа ортасының газдануын талдау әдістері негізгі үш топқа бөлінеді: зертханалық, экспрестік және автоматтық. Ауадағы зиянды қосылыстардың құрамы келесі физикалық-химиялық әдістер бойынша анықталады: фотометрлік-зертханалық, люминисцентті, хроматографиялық, тізбектік.
Шаңмен күресу шаралары. Өндірістік шаң деп жұмыс зонасы ауасындағы органикалық және бейорганикалық түрдегі оннан бірнеше микрометрге баратын қатты (ұсақ) түйіршіктерді айтамыз.
Өндірістік шаң жіктелуі бойынша органикалық, органикалық емес және аралас, ал дисперсті жағынан – көрінетін шаң бөлшектері диаметрі 10мкм, микроскоптық өлшемі 10-нан 0,25 мкм және ультрамикроскоптық диаметр өлшемі 0,25мкм-нен кем емес.
Улы заттардың шаңы адамды уландыруы мүмкін. Радиоактивті шаң адамның ағзасына түскенде сәулелену арқылы улайды. Бірнеше көмір ұнтақтары немесе күкіртті минералдар негізінде пайда болған шаң ауада жарылыстық қосылыстарды түзеді.
Өндірістік жұмыс орнында шаңның әсеріне қарсы күрестер:
-өндірістік ғимараттарда шаңды жою
-өндіріс процесінде ауа ортасына түсетін шаң бөлшектерін төмендету
-шаңның түзілу көздерін изоляциялау, басқару процесін және дистанционды бақылау жүргізу
-гигиеналық нормативтерді өңдеу, ұйымдастыру және дәрігерлік емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу
-жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану.
Өндірістік ғимаратты желдету.
Өндірістік зиянды заттарды жою үшін гигиеналық талаптар бойынша өндірістік желдетуді жүргіземіз. Желдету табиғи және жасанды түрде болады. Табиғи желдетуде өндірістік ғимараттың ауасы сыртқы ауа температурасымен ауысып нәтижесінде жел болады. Табиғи желдетуде ауа қозғалысы желдеткіш көмегімен жүреді.
Желдету – бұл бөлмедегі артық жылу, ылғылдылықты, қауіпті және зиянды заттарды жою үшін, сондай-ақ жұмыс зонасындағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін жасалатын ұйымдық шаралар. Желдету жалпы ауысымдық және жергілікті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |