Әдебиеттер: негізгі [1-3, 7,8, 13], қосымша [3-6, 8,13,14,15]
Бақылау сұрақтары: 1.Зиянды заттар.(ЗЗ). Олардың сипаты және пайда болу көзі.
2.Зиянды заттардың адам ағзасына әсері. Олардың гигиеналық нормалары.
3.Атмосфераның газдануына қарсы күрес әдістері.
4.Өндірістік желдету, түрлері және қолдану жағдайы.
5.Жасанды желдету, оның түрлері және есептеу принциптері.
Метеорологиялық жағдайлар ағзаның қоршаған ортамен және оның жылулық жағдайымен, жылу алмасуына әсер ететін физикалық факторлар кешені. Өндірістік микроклиматты құруға (қалыптасуға) технологиялық үдірістер мен жергілікті жердің климаты қатты әсер етеді.
Микроклиматтың көрсеткіштері:
температура (0С);
салыстырмалы ылғалдылық (%).
Микроклиматтың көрсеткіштерінің өзгеруі және әртүрлі ауырлықтағы жұмысты орындауы кезіндегі, дененің тұрақты температураны ұстап тұратын, адам ағзасының қабілеттілігін термореттеу деп атаймыз.
Ол заттардың алмасуының өзгеруі ( химиялық термо реттеу) мен жылу берудің (физикалық термореттеу) нәтижесінде жылу түзілудің арасындағы орнатылған белгілі қатнастарды қамтамасыз етеді.
Адамдағы жылу алмасу процесінде, басты рөлді, үстіңгі ткандар арқылы жылу беруді реттеудің физиологиялық механизмі атқарады., ол конвекцияның, сәулеленудің, буланудың әсерінен болады. Адам ағзасында физиологиялық процестердің қалыпты өтуі үшін қажет, ол мұндағы ағзадағы бөлінген жылу қоршаған ортаға тарау үшін қажет.
Жұмыс орнындағы микроклиматтың көрсеткіштерін өлшеу үшін, әртүрлі аспаптар қолданылады. Жеке алып қарағанда:
температура мен ауа ылғалдылығы- аспирациялық психометрмен МВ-4М, М-34, электр термометрлері, қара бояумен боялғантермометрлер;
ауа қозғалысының жылдамдығын – анемометр (қанатты АСО-3, АП-1м, чашкалы МС-13), термо анемометрлер ТАМ-1, цилиндрлік және шарлық ката термометрлер;
Адам ағзасына микроклимат факторларының зиянды әсерін жою үшін және өндірістік ғимараттарда қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастыру үшін ауалық ортаның көрсеткіштері, зиянды заттардың ШРК бекіткен, СанЕмН 2.2.4.548-96 «Өндірістік ғимараттардың микроклиматына қойылатын гигеналық талаптары» және МЕСТ 12.1.005- 88 «Жұмыс аймағының ауасы. Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарына» сәйкес келу керек.
Нормалар ауа температурасын, оның салыстырмалы ылғалдылығын, ауа қозғалысының жылдамдығын, жұмыс аймағындағы энергия шығыны деңгейі бойынша орындалатын жұмыстың ауырлығы (жеңіл, орташа ауыр, өте ауыр) және жыл мезгілін (жылы және суық) ескерек отырып, рұқсат етілген шама мен тиімділігі түрінде, жылулық сәулеленудің қарқындылығы.
Зиянды заттардың адам ағзасына әсер ету дәрежесі бойынша төрт класқа бөлінеді: 1-ші төтенше қауіпті, (ШРК 0,1 мг/м3- қа дейін); 2-ші өте қауіпті, (ШРК 0,1-ден 1 мг/м3- қа дейін); 3-ші орташа қауіпті, (ШРК 1-ден 10 мг/м3- қа дейін); 4-ші қауіптілігі төмен, (ШРК >10 мг/м3- қа дейін).
Өндірістік мекемелерді жобалау, сантарлы нормаларды ескере отырып жүргізіледі (СНмП ҚР 3.01-01-2002). Осыдан келесі санитарлы қорғаныстық аймақтық өлшемдері қабылданды.