Лекция Кіріспе. "Өндірістік қауіпсіздік негіздері "


Қауіпті өндірістік факторлар



бет2/19
Дата23.04.2022
өлшемі105,62 Kb.
#140591
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Лекция 1

Қауіпті өндірістік факторлар - жарақатқа немесе басқа кенеттен денсаулығының нашарлауына алып келетін, белгілі жағдайлардағы, жұмысшыға әсер ететін факторлар.
Зиянды өндірістік факторлар - ауруға немесе жұмыс қабілеттілігін төмендетуге алып келетін, белгілі жағдайдағы жұмысшыға әсер ететін фактор.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік - кәсіпорындар персоналының және басқа да азаматтардың өмірі мен денсаулығын, азаматтар мен ұйымдардың мүлкін, қоршаған табиғи ортаны қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар кезінде орын алған зиянды және қауіпті факторлардан қорғау жөніндегі шаралар жүйесі.
Қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі деп жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің қауіпті өндірістік объектілердегі авариядан және көрсетілген авариялардың салдарларынан қорғалу жай-күйі түсініледі.
ҚР еңбек заңдылығы

  1. Еңбек кодексы 23.11.2015 жылы қабылданған (4 бөлім, 22 тарау, 204 баптан тұрады).

2. Азаматтық қорғау жайлы заң 11.04.2014 жылы қабылданған (9 бөлім, 19 тарау, 109 баптан тұрады)

Еңбектің жағдайын жақсарту бойынша жұмыстың табысы (жетістігі) көптеген деңгейде, еңбек жағдайын дұрыс талдауға және осы жағдайды бағалауға байланысты. Мұндай еңбек жағдайының барлық элементіне әртүрлі сападағы әсерін ескеретін көрсеткіштерге, еңбектің ауырлық көрсеткіші қабылданған. Еңбектің ауырлығы, еңбек жағдайынан тұратын, адамның жұмыс қабілеттілігіне, оның денсаулығына, тіршілік әрекетіне және жұмыс күшінің қайтадан қалпына келуіне барлық элементтердің бірге, бүтіндей әсер етуін сипаттайды. Бұлай көрсетілген еңбек ауырлығы туралы ұғымды, ой еңбегіне де қолданған сияқты, дене еңбегіне де бірдей қолдануға болады. Еңбектің ауырлығының дәрежесі туралы адамның организіміндегі өзгерістер мен реакциялар бойынша айтуға болады. Функционалдық жүйелердің теорияларына сәйкес, адам организмінің үш функционалдық күйін (хал-жағдайын) ажыратады (ОФЖ): бірқалыпты, патологиялық, шекаралық.


Еңбек ету үрдісі кезінде әртүрлі өндірістік элементтердің (факторлардың) және олардың комплекстерінің әсерінен адамда, организмнің функционалды жағдайының үшеуінің, тек қана біреуі ғана қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, оларды кез келген жұмыстың ауырлық категориясын анықтауға мүмкіндік жасайтын, физиологиялық шкаланың есебінде қолдануға болады. Осылай ОФЖ үшеуіне сәйкес, жұмыстың ауырлығының үш негізгі категориясы тағайындалған, ал үш негізгі категорияның ішінде тағыда үш, яғни, еңбектің жағдайына (шартына) сәйкес келетін алты топ, жұмыс ауырлығының алты категориясының бар екені дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет