Лекция 3. Қауіпті өндірістік объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу тәртібі.
Өндірістегі сәтсіз жағдайлар – жұмысшыға еңбек қызметі кезінде немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезіндегі зиянды немесе қауіпті өндірістік фактордың әсерінің нәтижесінде өндірістік жарақатқа, денсаулығының аяқ астынан нашарлауы немесе улануына, уақытша еңбекке жарамсыздығына, кәсіптік ауруға немесе өлімге әкеліп соғады.
Қатер – қолданылған әрекеттерге байланысты туындаған қандай да бір ықтимал қауіп, сондай-ақ әрекеттің өзі. Тіршілік ету кезінде адамның денсаулығына және өміріне қауіп-қатердің немесе зиянды нәрселердің болу мүмкіндігі.
Жарақат - сыртқы ортаның факторларынан болған, адам мүшелері мен ткандарының, олардың тұтастығы мен функциясының бұзылуы мен зақымдалуы.
Қызметкерлердің, сондай-ақ:
1) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында оқитын, кәсіптік практикадан өтіп жүрген адамдардың;
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің;
3) сот үкімі бойынша еңбекке тартылған адамдардың;
4) әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімдері, әскерилендірілген күзет жеке құрамының, авариялардың, дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және еңбекке қабілетсіздігіне не өліміне әкеп соққан денсаулығының зақымдану жағдайлары тергеп-тексеруге және есепке алуға жатады.