Әсер ету түрлеріне қарай жарақаттың түрлері:
механикалық (көгеру, кесу);
термиялық (термиялық күйік, үсік шалу);
Электрлік (электр соққысы және күйік);
химиялық (химиялық күйік және тұншығу);
психологиялық (жүйке стресстері мен қорқыныштары) және т. б.
Нәтиженің ауырлығы бойынша:
Микрожарақаттар – (еңбек ету қабілетін жоғалтпай);*
бір күннен артық еңбекке қабілеттілігінен айырылумен;
* топтық (2 және одан да көп адам);
* ауыр, соның ішінде өлім;*
ерекше есеп
Жарақаттануды сараптаудың әдістері. Статистикалық әдіс.
Кч жарақаттану жиілігінің көрсеткіші жарақаттанудың сандық жағын сипаттайды, бұл есептік кезеңдегі зардап шеккендер санының (Н-1 актілері бойынша, оның ішінде өліммен аяқталған) 1000 қызметкерге есептегенде, Р жұмыс істейтіндердің орташа тізімдік санына қатынасын білдіреді, яғни.
Кч =
Кт ауырлық көрсеткіші зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздығының орташа ұзақтығын сипаттайды және Дн есептік кезеңіндегі барлық зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздық күндері санының өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар енгізілмеген есептік кезеңдегі зардап шеккендер санына қатынасы ретінде айқындалады
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама қызметкерлерді оқытудың қысқартылған түрі. Ол нақты еңбек жағдайларын, технологиялық операцияларды және жабдықтарды үйретеді . Нұсқаманы өткізу сипаты мен уақыты бойынша кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс, мақсатты және өрт қауіпсіздігі бойынша бөлінеді
Достарыңызбен бөлісу: |