2.4.5 Есептеу машиналарын су құбырларын үйлестіруде қолдану
Қалалар мен өнеркәсіп орындарының сумен жабдықтау жүйелері әрдайым өсіп, өзгеріп тұратын және бір-бірімен тығыз байланысатын ғимараттардан құрылатындықтан, әсіресе су құбыры тораптарында гидравликалық есертеу және үйлестіру жұмыстары өте күрделі. Кейбір жағдайларда тиімді шешімін табу мақсатында алуан түрлі операцияларды жүргізу керек болады. Уақытты, еңбекті көп талап өтетін мұндай есептеулерді кәдімгі «қол» әдісімен жүргізу, әрине, қиын.
Есептеу техникасын қолдану арқылы мұндай жұмыстарды едәуір жеңілдетуге болады. Бұрында есептеу жұмыстары аналогтық машиналармен жүргізілген болса, кейінгі кездері осы мақсатта электрондық есептеу машиналары көптеп қолданылуда.
Гидравликалық есептеулерде су мен электр тоғының ағу ұқсастығына негізделген аналогтық машиналар кең қолданылады.
Мұндай машиналарды алғаш рет гидротехникалық ғимараттар іргесінен өтетін су ағынының заңдарын тексеруде академик Н.Н. Павловский қолданған.
Су құбыры торабын талдау және есептеу жұмыстарына аналогтық қондырғыларды бірінші ұсынған Массачусетс университетінің профессорлары Кэмп пен Хезен (1930 жылдары) болатын. Бұрынғы Кеңес Одағында электромоделді есептеу машиналарын іздестіру ВНИИ ВОДГЕО институтында профессор Б.Н. Зимин басшылығыман 1936 жылы басталған, бірақ соғыстың әсерінен кешеуілдеп, одан ары проф. Л.Ф. Мошнин жалғастырған тексерулер нәтижесінде 40-жылдың аяғында бірінші Кеңестік аналогтық машиналар құрылды.
Су құбыры торабындағы құбылыстарды бейнелеу үшін оның электрлік моделі құбырлардың гидравликалық сипаттамасы тәрізді электрлік сипаттамаларға ие болуы тиіс.
Жеке бөліктерден түзілетін электрлік сұлба су құбырының сұлбасына сәйкес болу керек. 2.22 суретте үш айналымды су құбыры торабы мен электр жүйесінің сұлбалары берілген.
а) Су құбыры торабының сұлбасы; б) электрлік моделді сұлбасы.
Достарыңызбен бөлісу: |